Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық
басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ереже Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі
комитет төрағасының 2002 ж. 11 шілдедегі № 70 бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 20 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңын іске асыру және құру тәртібі жөніндегі комитеттің өз қызметі шегінде банкроттық рәсімін өткізуге бақылау жүргізуді іске асыру мақсатында,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді.
| Төраға | А.Г. Нукушев |
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
№ 70 бұйрығымен бекітілген
Банкроттық рәсiмдерiне және борышкердi соттан тыс тарату
конкурсты басқарушының қорытынды есебiн келісу туралы
ереже
1. Осы Банкроттық рәсiмдерiне және борышкердi соттан тыс тарату конкурсты басқарушының қорытынды есебiн келісу туралы ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген (бұдан әрі - Заң).
2. Осы ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) мен оның аумақтық органының борышкердi банкроттық және соттан тыс тарату рәсiмдерiнде конкурсты басқарушының қорытынды есебiн келісу тәртібін белгілейді.