Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтуды
және конкурстық басқарушыларды дайындау ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы № 19 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 388 Бұйрығымен күші жойылды
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында, бұйырамын:
1. Қоса берілген Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау ережелері бекітілсін.
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | С.М. Бекбосынов |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрi
2006 жылғы 30 наурыз
Қаржы министрлігі
Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті Төрағасының
2006 жылғы 20 наурыздағы
№ 19 бұйрығымен бекітілген
Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін,
оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау ережесi
Бұл Ереже «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 20) тармақшасына сәйкес жасалған және білім беру ұйымдарымен сырттай байқау әкімшілерін, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау тәртібін анықтайды.
1. Бұл ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
білім беру ұйымы - жоғары кәсіптік білім беру, қосымша кәсіптік білім беру және біліктілігін арттыру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
ізденуші - жоғары кәсіптік білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы.
2. Білім беру ұйымдарымен сырттай байқау әкімшілерін, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау банкроттық рәсімдерінде төлемге қабілетсіз борышкерлердің мүлкі мен ісін басқару бойынша қызметке лицензия алғысы келетін ізденушілердің біліктілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.