Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларын дайындау ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 388 Бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 251 бұйрығымен күші жойылды
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 23) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларын дайындау ережелері бекітілсін.
2. «Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы № 19 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4202 болып тіркелген, «Заң газеті» газеті 2006 жыл 8 желтоқсан № 213 (1019) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (С.М. Бекбосынов) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Жәмішев |
Қаржы министрінің
2009 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 388 бұйрығымен бекітілген
Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және
конкурстық басқарушыларын дайындау ережесі