Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды
экономикалық бағалауды белгілеу ережесіне
3-қосымша
Тұрақты көздерден атмосфералық ауаны, су ресурстарын ластаудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеудің есептерi
1. і-ингредиенті бойынша тұрақты көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
Ui =(Снақтыi Снормi) х 3600/1000000 х Аі х Т х Сшығ. х 10 х К1 х К2
мұндағы:
Ui - тұрақты көздерден атмосфералық ауаны і-ингредиентпен ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау, теңге;
Снақтыі - мемлекеттік бақылау барысында айқындалған і-ластаушы заттың нақты шығарындысы, г/сек;
Снормі - і-ластаушы зат шығарындысының нормативі, г/сек;
Аі = 1/ШЖКсс формуласы бойынша анықталатын:
Аі - салыстырмалы қауіп коэффициенті, мұндағы ШЖКсс - атмосфералық ауадағы заттың шекті жол берілетін орта тәуліктік концентрациясы;
Т - соңғы тексерістен кейінгі уақыт ретінде қабылданатын, бірақ 90 күннен аспайтын зиян келтіру кезеңіндегі жабдықтың жұмыс уақыты, (сағатпен);
Сшығ. - ағымдағы жылға жергілікті өкілетті органдар бекіткен тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың 1 шартты тоннасын шығарғаны үшін төлем ставкасы, теңге/шартты тонна;
10 - арттыру коэффиценті;
К1 - экологиялық қауіп коэффициенті, 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, 2-қосымша.
2. і-ингредиент бойынша су ресурстарын белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
Uі = (Снақтыі- Снормі) х Vнақты х Стөг. х Аі х 10 х К1 х К2
мұндағы:
Uі - і-ингредиентпен су ресурстарын ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау/теңге/;
Снақтыі - ағынды сулардағы і-ластаушы заттың нақты концентрациясы, мг/л.;
Снормі - і-ластаушы зат төгіндісінің нормативі, мг/л;
Vнақты - соңғы тексерістен кейінгі уақыт ретінде қабылданатын, бірақ 90 күннен аспайтын кезеңдегі су беру көлемі, млн.куб.м.;
Аі = 1/ШЖКв формуласы бойынша анықталатын:
Аі - салыстырмалы қауіп коэффициенті, мұндағы ШЖКв - осы түрдегі су объектісіндегі ластаушы заттың шекті жол берілетін концентрациясы;
Стөг.- ағымдағы жылға жергілікті өкілетті органдар бекіткен ластаушы заттар төгіндісінің 1 шартты тоннасы үшін төлем ставкасы, теңге/шартты тонна;
10 - арттыру коэффициенті;
К1 - экологиялық қауіп коэффициенті, 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, 2-қосымша.
3. Қауіп сыныбына қарай, өндірістік қалдықтардың і-түрін белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан және тұтынудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
Ui= (Ғнақтыі - Ғнормі) х Сқал.х 10 х К1 х К2
мұндағы:
Uі - қауіп сыныбына қарай өндірістік қалдықтардың і-түрін орналастырудан және тұтынудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау, теңге;
Ғнақтыі - белгілі бір уақыт кезеңінде қауіп сыныбына қарай өндіріс қалдықтарының і-түрін орналастырудың және тұтынудың нақты көлемі, тонна немесе мың текше метр;
Ғнормі - белгілі бір уақыт кезеңінде қауіп сыныбына қарай өндіріс қалдықтарының і-түрін орналастырудың және тұтынудың нормативтік көлемі, тонна немесе мың текше метр;
Сқал.- ағымдағы жылға жергілікті өкілетті органдар бекіткен қауіп сыныбына қарай өндіріс қалдықтарының і-түрінің 1 тоннасын немесе 1 мың текше метрін орналастыру және тұтыну үшін төлем ставкасы, теңге;
10 - арттыру коэффициенті;
К1 - экологиялық қауіп коэффициенті, 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, 2-қосымша.
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды
экономикалық бағалауды белгілеу ережесіне
4-қосымша
Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалаудың есебi
Автомотор отынының і-түрі бойынша жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады:
Ui = (Снақты- Снорм)/ снорм х Rнақтыі х Сшығ.і х 10
мұндағы:
Ui - автомотор отынының і-түрін жағу кезінде жылжымалы көздердің атмосфералық ауаны ластауынан келтірілген зиянды экономикалық бағалау, теңге;
Снақты - мемлекеттік бақылау барысында айқындалған ластаушы заттың нақты концентрациясы не шығарынды газдардағы түтінділік көрсеткіші, көлемді үлесі немесе %;
Снорм - ластаушы зат концентрациясының нормативті не шығарынды газдардағы түтінділік көрсеткіші, көлемді үлесі немесе %;
Rнақтыі - соңғы тексеруден кейінгі уақыт ретінде қабылданатын, бірақ 90 күннен аспайтын зиян келтіру кезеңіндегі автомотор отынының і-түрінің шығыны тонна;
Сшығ.і - ағымдағы жылға арнап жергілікті өкілетті органдар бекіткен жылжымалы көздермен автомотор отынының і-түрінің 1 тоннасын жағу кезіндегі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлем ставкасы, теңге/тонна;
10 - арттыру коэффициенті.
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды
экономикалық бағалауды белгілеу ережесіне
5-қосымша
Қоршаған ортаға радиобелсенді қалдықтарды, иондаушы сәулелену көздерін белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан, сондай-ақ қоршаған ортаға орналастырылған құрылыс материалдарынан, тау-кен қалдықтары мен шламдарынан, ағынды және рудалық сулардан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеудің есептерi
Қоршаған ортаға радиобелсенді қалдықтарды, сондай-ақ иондаушы сәулелену көздерін белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан келтірілген зиян уыттылығының 1 тоннасы радиобелсенділіктің 12 Гигабеккереліне (ГБк) тең неғұрлым таралған радиобелсенді заттың-табиғи уранның белсенділігі бойынша радиобелсенді қалдықтарды орналастырғаны үшін төлем нормативін негізге ала отырып белгіленеді.
Бұл ретте, трансурандық элементтерді қоспағанда, жиынтықты альфа-сәулелену радионуклидтерінің 12 ГБк орналастырғаны үшін төлем нормативі қоршаған ортаға қауіптің 2 сыныбындағы өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлем нормативіне теңестіріледі. Трансурандық элементтердің 12 ГБк орналастырғаны үшін төлем нормативі қоршаған ортаға қауіптің бірінші сыныбындағы өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлем нормативіне теңестіріледі.
Осылайша,
трансурандық элементтердің 1ГБк орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең:
СРБҚ t = Cy1/12;
альфа радиобелсенді қалдықтардың 1ГБк орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең:
СРБҚа = Су2/12;
бета радиобелсенді қалдықтардың 1ГБк орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең:
СРБҚв = Су2/12х0,1;
мұндағы:
Су1, Су2 - ағымдағы жылға жергілікті өкілетті органдар бекіткен уыттылықтың 1 немесе 2 сыныбына сәйкес өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасы үшін төлем ставкасы;
0,1 - альфа-сәулелену радионуклидтерінің төменгі елеулі белсенділігін (ТЕБ) салыстыру бойынша 10 есе кем бета-сәулелену радионуклидтері үшін ТЕБ-ті негізге ала отырып, бета радиобелсенді қалдықтар үшін төмендеткіш коэффициент.
Радиобелсенді қалдықтарды немесе трансурандық элементтерді белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады:
U = (Fнақты - Fнорм) x CРБҚ a,в,t х 10 х К1 х К2
мұндағы:
U - радио белсенді қалдықтарды белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау (теңге);
Ғнақты - орналастырылған радиобелсенді қалдықтардың нақты радиобелсенділігі, ГБк;
Ғнорм - орналастырылған радиобелсенді қалдықтардың нормативтік радиобелсенділігі, ГБк;
СРБҚ - радиобелсенді қалдықтарға немесе трансурандық элементтерге сәйкес 1ГБк орналастырғаны үшін төлем ставкасы, теңге/ГБк;
10 - арттыру коэффициенті;
К1 - экологиялық қауіп коэффициенті, 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекелдік коэффициенті, 2-қосымша.
Қоршаған ортада орналастырылған 0,3 кБк/кг-нан астам артық, бірақ альфа-сәулелену радионуклидтері үшін 10 кБк/кг және бета-сәулелену радионуклидтері үшін 100 кБк/кг аспайтын санитарлық нормалардан жоғары жасанды және табиғи радионуклидтер бар құрылыс материалдары, тау-кен қалдықтары мен шламдары, ағынды және рудалық сулар радиобелсенді қалдықтар болып табылмайды, шектеулі пайдаланылатын материалдарға жатады және өнеркәсіптік қалдықтарды көму орындарында орналастырылады. Осындай материалдарды белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес қауіптің 4 сыныбы бойынша айқындалады.