ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.21.06. № 367 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-қосымша жаңа редакцияда
Ережеге 3-қосымша
Атмосфералық ауаны стационарлық көздердің шығарындыларымен ластаудан,
су ресурстарын ластаудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден тыс
орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды айқындау
есептемелері
1. Атмосфералық ауаны стационарлық көздерден және газды алау етіп жаққаннан болған шығарындылармен і-лік ингредиент бойынша белгіленген нормативтерден тыс ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау жанама әдіспен мынадай формула бойынша айқындалады:
Uі= Cіс жүз.і - Cнормі х 3600/1000000 х Аі х Т х 2,2 АЕК х 10 х К1 х К2,
мұндағы:
Uі - стационарлық көздерден және газды алау етіп жағудан атмосфералық ауаны і-ингредиентпен ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;
Cіс жүз.і - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында анықталған і-лік ластаушы заттың іс жүзіндегі шығарындысы, г/сек;
Cнормі - і-лік ластаушы зат шығарындысының нормативі, г/сек;
Аі - салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша айқындалады:
Аі - 1/ШЖБШот, мұнда ШЖБШот - атмосфералық ауада ластаушы заттың шекті жол берілетін орташа тәуліктік шогырлануы;
Т - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексеруден бері өткен уақыт ретінде қабылданатын залал келтіру кезеңіндегі жабдықтың жұмыс уақыты (сағатпен);
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
10 - арттыру коэффиценті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
2. Су ресурстарын белгіленген нормативтерден тыс і-лік ингредиент бойынша ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша айқындалады:
Uі = Cіс жүз.і - Cнормі х Vіс жүз. х 30 АЕК х Аі х 10 х К1 х К2, мұндағы:
Uі - і-лік ингредиентпен су ресурстарын ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау (теңге);
Cіс жүз.і - сарқынды сулардағы і-лік ластаушы заттың нақты шоғырлануы, мг/л;
Cнормі - і-лік ластаушы зат төгіндісінің нормативі, мг/л;
Vіс жүз - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексеруден бері өткен уақыт ретінде қабылданатын кезеңдегі су бүру көлемі, млн. текше м;
N = 30 - сарқынды суларды су объектілеріне ағызу үшін;
N = 18 - жинақтауыштарға, жер бедеріне және сүзу алқаптарына сарқынды суларды ағызу үшін;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Аі - салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша айқындалады:
Аі = 1/ШЖБШз, мұнда ШЖБШз - осы түрдегі су объектісінде ластаушы заттың шекті жол берілетін шоғырлануы;
10 - арттыру коэффиценті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
3. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрін белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша айқындалады:
Uі = (Ғіс жүз.і - Ғнормі) х Сқал х 10 Х К) Х К2
мұндағы:
Uі - өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрін орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;
Ғіс жүз.і - тексерілетін кезеңде өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрін орналастырудың іс жүзіндегі көлемі, тонна;
Ғнормі - тексерілетін кезеңде өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрін орналастырудың нормативтік көлемі, тонна;
Сқал - өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрінің 1 тоннасын орналастыру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген төлемақы мөлшерлемесі, теңге;
10 - арттыру коэффициенті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
4. Радиоактивті қалдықтар болып табылмайтын, шектеулі пайдаланылатын материалдарға жататын және белгіленген нормативтерден тыс өнеркәсіптік қалдықтарды көму орындарында орналастырылуға тиіс, құрамында жасанды және табиғи радионуклидтер санитарлық нормалардан 0,3 кБк/кг-нан асатын, бірақ альфа сәулесін шығаратын радионуклидтер үшін 10 кБк/кг-нан аспайтын радионуклидтер және бета сәулесін шығаратын радионуклидтер үшін 100 кБк/кг-нан аспайтын радионуклидтер бар құрылыс материалдарын, тау-кен өндірісінің атжалдары мен шламдарын, сарқынды сулар мен кеніштер суларын қоршаған ортада орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы қосымшаға сәйкес жасыл индекс бойынша айқындалады.
5. Егер құралмен өлшеуді жүргізу мүмкін болмаса, онда і-лік ингредиент бойынша атмосфералық ауаны, газды алау етіп жағудан және су ресурстарын ластаудан келетін залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша айқындалады:
Uі = (Сіс жүз.і - Снормі) х N АЕК х Аі х 10 х К1 х К2
мұндағы:
Uі - і-лік ингредиент бойынша атмосфералық ауаны және су ресурстарын ластаудан келетін залалды экономикалық бағалау, теңге;
Сіс жүз.і - і-лік ластаушы заттың қоршаған ортаға залал келтіру кезеңінде іс жүзіндегі шоғырлануы мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында табиғат пайдаланушылардың есептік деректерін, сондай-ақ электрондық құралдардың көрсеткіштерін және т.б. негізге ала отырып есептеу әдісімен айқындалады, тонна;
Снормі - і-лік ластаушы зат шығарындысының не төгіндісінің нормативі, тонна;
N = 2,2 - стационарлық көздерден және газды алау етіп жағудан ластаушы заттардың шығарындыларымен қоршаған ортаны белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;
N = 30 - су объектілеріне ластаушы заттардың төгінділерімен қоршаған ортаны белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;
N = 18 - жинақтауыштарға, жер бедеріне және сүзу алқаптарына белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаушы заттардың төгінділерімен қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Аі - салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша анықталады:
Аі = 1/ШЖБШ, мұнда ШЖБШ - атмосфералық ауада ластаушы заттың шекті жол берілетін орташа тәуліктік шоғырлануы не су ресурстарында ластаушы заттың шекті жол берілетін шоғырлануы;
10 - арттыру коэффиценті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ережеге
4-қосымша
Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден тыс
ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау
есептемесі
Автомотор отынының і-түрі бойынша жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден тыс ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады:
Ui=(Сіс жүз -Снорм )/снормхRіс жүз.іхСшығіх10
мұнда:
Ui - автомотор отынының і-түрін жағу кезінде жылжымалы көздердің атмосфералық ауаны ластауынан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;
Сіс жүз. - мемлекеттік бақылау барысында айқындалған ластаушы заттың іс жүзіндегі шоғырлануы не шығарынды газдардағы түтін шығару көрсеткіші, көлемдік үлесі немесе %;
Снорм - ластаушы зат шоғырлануының нормативі не шығарынды газдардағы түтін шығару көрсеткіші, көлемдік үлесі немесе %;
Rіс жүз.і - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексеруден өткен уақыт ретінде қабылданатын залал келтіру кезеңіндегі автомотор отынының і-түрінің шығысы, тонна;
Сшығ.і - жылжымалы көздердің автомотор отынының і-түрінің 1 тоннасын жағу кезіндегі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлем ставкасы, теңге/тонна;
10 - арттыру коэффициенті.
Ережеге
5-қосымша
Қоршаған ортаға радиоактивті қалдықтарды, иондаушы сәуле
шығаруы көздерін белгіленген нормативтерден тыс
орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау
есептемесі
Қоршаған ортаға радиоактивті қалдықтарды, сондай-ақ иондаушы сәуле шығару көздерін белгіленген нормативтерден тыс орналастыру кезінде келтірілген залалды экономикалық, бағалау радиоактивті қалдықтарды неғұрлым кең таралған радиоактивті уыттылығы жағынан 1 тоннасы радиоактивтіліктің 12 Гигабеккереліне (ГБк) тең радиактивті зат - табиғи уран белсендігі бойынша орналастырғаны үшін төлем нормативі негізге алына отырып белгіленеді.
Бұл ретте трансурандық элементтерді қоспағанда, 12 ГБк жиынтықты альфа-сәуле шығару радионуклидтерінің орналастырғаны үшін төлем нормативі қоршаған ортаға Қалдықтардың янтарь тізіміне жататын өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлем нормативіне теңестіріледі. 12 ГБк трансурандық элементтерді орналастырғаны үшін төлем нормативі қоршаған ортаға Қалдықтардың қызыл тізіміне жататын өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлем нормативіне теңестіріледі. Осылайша,
1ГБк трансурандық элементтерді орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең:
СРАҚt=Ст1/12;
1 ГБк альфа радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең:
СРАҚa(альфа)=Ст2/12;
1 ГБк бета радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең:
СРБҚb(бета)=Ст2/12х0,1;
Ст1, Ст2 - ағымдағы жылға жергілікті өкілді органдар бекіткен тиісінше қызыл немесе янтарь индекстегі өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасы үшін төлем ставкасы;
0,1 - альфа-сәуле шығару радионуклидтерінің төменгі елеулі белсенділігімен (ТЕБ) салыстырғанда 10 есе кем бета-сәуле шығару радионуклидтері үшін ТЕБ-ті негізге ала отырып, бета радиоактивті қалдықтар үшін төмендеткіш коэффициент.
Радиоактивті қалдықтарды немесе трансурандық элементтерді белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
U=(Ғіс жүз-Ғнорм)хСРАҚa(альфа),b(бета),tх10хК1хК2
мұнда:
U - радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау (теңге);
Ғіс жүз - орналастырылған радиоактивті қалдықтардың іс жүзіндегі радиоактивтілігі, ГБк;
Ғнорм - радиоактивті қалдықтарды орналастырудың нормативтік радиоактивтілігі, ГБк;
СРАҚ - тиісінше 1ГБк радиоактивті қалдықтарды немесе трансурандық элементтерді орналастырғаны үшін төлем ставкасы, теңге/ГБк;
10 - арттыру коэффициенті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекелдік коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
Ережеге
6-қосымша
Су (теңіз) бетіне төгілген мұнайдан келтірілген залалды экономикалық бағалау
есептемесі
1. Су (теңіз) бетіне мұнай төгілген кезде қоршаған ортаға келтірілетін залалдың шамасын айқындайтын негізгі факторлар мыналар болып табылады:
1) су объектісінің ластанған ауданы;
2) төгілген мұнайдың массасы;
3) су объектісінің ластану дәрежесі.
2. Су объектілерінің мұнаймен ластанған ауданын мемлекеттік экологиялық инспекторлар:
1) сараптамалық бағалау әдісімен;
2) құралдық әдіспен;