Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2005-2007
жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы
(2006.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекітілсiн.
2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар:
1) Іс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бір ай мерзiмде білім берудi дамыту жөнiнде өңiрлiк бағдарламалар әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсiн.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
ҚР Үкіметінің 2005.11.06. № 583 қаулысымен 6-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
6. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есімовке жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрi |
|
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысымен
бекітілген