1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2390215 мың теңге (екі миллиард үш жүз тоқсан миллион екі жүз он бес мың теңге).»;
4-тармақтағы «өнімімен молықтыру.» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуды қамтамасыз ету.
Стандарттау, сертификаттау және, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесу. Өнімді тұтынушылардың құқықтарын қорғау.»;
5-тармақтағы «мемлекеттік саясатты қалыптастыру;» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«экспортты жылжыту мәселелері бойынша шекара маңындағы және өнеркәсіптік дамыған өңірлердің отандық тауар өндірушілерінің, оның ішінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, ақпарттандырылуын қамтамасыз ету;
Қазақстандық тауарлардың экспортын, сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасын әзірлеу оның негізгі міндеті қазақстандық экспорттаушылардың шетелдік нарықтарға қол жетімділігі үшін оңтайлы жағдай жасау болып табылады;»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы 11) тармақшадан кейін мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2), 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) Республиканың өңірлерінде шетелдік сарапшыларды тарта отырып, экспортты жылжыту мәселелері жөнінде семинарлар, тренингтер және оқыту курстарын өткізу.
11-2) Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасын әзірлеу.
11-3) Сыртқы нарықтарда отандық тауар өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша елден тысқары жерлерге іссапарлар.»;
реттік нөмірі 3-жолда:
«178» деген сандар «288» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Құрылыс істері комитетінің аумақтық органдарын жергілікті атқарушы органдарға беру нәтижесінде пайда болған қаңтар-ақпан айларының жалақысын және жұмыстан шығару жәрдемақысын төлеу бойынша Құрылыс істері комитетінің қызметкерлері алдындағы кредиторлық берешекті өтеу.»;
реттік нөмірі 5-жолда:
екінші және үшінші абзацтардағы «3» деген сан «16» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«- көшіру-көбейту аппараты (1 бірлік);
Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері үшін жиһаз, оның ішінде:
басшыға арналған жиһаздар жиынтығы (16 бірлік)»;
реттік нөмірі 6-жолдағы «1:С Бухгалтерия бағдарламасы, «Қаржыландыру жоспары», ИСМ веб-сайтын және «Заң» ДБ,» деген сөздер «1 С-бухгалтерия» бағдарламасын сүйемелдеу, «Қаржыландыру жоспары» бағдарламасын сүйемелдеу ИСМ веб-сайтын және «Заң» ДҚ сүйемелдеу, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Министрліктің орталық аппараты мен комитеттері үшін есептеу техникалары мен лицензиялық бағдарламалық өнімдер сатып алу.« деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Есептеу техникасын сатып алу: Министрліктің орталық аппараты мен комитеттері үшін серверлер, дербес компьютерлер, сканерлер, принтерлер, свитчтер және лицензиялық бағдарламалық өнімдер.»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацтағы «25 тауар көрінісі бойынша тауар рыноктарындағы бәсекелік ортаның жай-күйін талдау жөніндегі есеп.» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«республиканың өңірлерінде шетелдік сарапшыларды тарта отырып, экспортты жылжыту мәселелері жөнінде кемінде 4 семинар, тренинг және оқыту курсын өткізу;
Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасын әзірлеу;
елден тысқары жерлерге іссапарлар;»;
«Түпкілікті нәтиже» деген абзацтағы «барлық өлшемдер түрлерін шынайы есепке алуды қамтамасыз ету;» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын;
«экспортты жылжыту мәселелері бойынша отандық тауар өндірушілердің хабардар болуын арттыру;»;
«Қаржы-экономикалық нәтижелері» деген абзацтағы «1 сарапшы аудиторды дайындауға кететін орташа шығын 635,0 мың теңге» деген сөздерден кейін «; республика өңірлерінде шетелдік сарапшыларды тарта отырып, экспортты жылжыту мәселелері бойынша 1 семинар, тренинг және оқыту курсын өткізуге жұмсалатын орташа шығын 3434 мың теңгені құрайды» деген сөздермен толықтырылсын:
«Уақтылығы» деген абзацтағы «техникалық тапсырмаға (ерекшелікке) және жасалған шарттарға сәйкес» деген сөздерден кейін «, республиканың өңірлерінде шетелдік сарапшыларды тарта отырып, экспорттық жылжыту мәселелері бойынша семинарлар, тренингтер және оқыту курстарын өткізудің бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
осы қаулыға 18 және 19-қосымшаларға сәйкес мынадай мазмұндағы 338-1 және 339-1-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 343-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 18259 мың теңге (он сегіз миллион екі жүз елу тоғыз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 344-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 11614073 мың теңге (он бір миллиард алты жүз он төрт миллион жетпіс үш мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жол «6) Астана қаласындағы жаңа университеттің инженерлік-коммуникациялық желілерін салу; 7) Астана қаласындағы жаңа өнеркәсіптік аймақтың (Индустриялық парк) салу инфрақұрылымын.« деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы «жолдар салу» деген сөздерден кейін «, Астана қаласындағы жаңа университеттің инженерлік-коммуникациялық желілерін салу; Астана қаласындағы жаңа өнеркәсіптік аймақтың (Индустриялық парк) инфрақұрылымын салу.« деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 345-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 11239900 мың теңге (он бір миллиард екі жүз отыз тоғыз миллион тоғыз жүз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 348-қосымша алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 351-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 8000 мың теңге (сегіз миллион теңге).»;
көрсетілген қаулыға 355-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1667098 мың теңге (бір миллиард алты жүз алпыс жеті миллион тоқсан сегіз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 358-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 584266 мың теңге (бес жүз сексен төрт миллион екі жүз алпыс алты мың теңге).»;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бойынша:
көрсетілген қаулыға 360-қосымшада:
құпия;
көрсетілген қаулыға 361-қосымшада:
құпия;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы бойынша:
көрсетілген қаулыға 366-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 7564501 мың теңге (жеті миллиард бес жүз алпыс төрт миллион бес жүз бір мың теңге).»;
реттік нөмірі 3-жолдың 6-тармақ кестесінің 5-бағаны «Облыстарда заңдардың және заңға тәуелді актілердің қолданылуын қадағалауды іске асыру.« деген сөздерден кейін «Арнайы шифрлеу аппаратурасын сатып алу (54 бірлік)» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың - «Тура нәтиже» деген абзацы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын;
«- аумақтық органдар үшін саны 54 бірлік арнайы шифрлеу аппаратурасын сатып алу;»;
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі бойынша:
осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 368-1-қосымшамен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 369-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 325931 мың теңге (үш жүз жиырма бес миллион тоғыз жүз отыз бір мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 5-жол «Өткен жылдардың міндеттемелерін өтеу.» деген сөздермен толықтырылсын;
осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 369-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 371-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1680000 мың теңге (бір миллиард алты жүз сексен миллион теңге).;
4-тармақ «, байланыс және телехабарларын тарату инфрақұрылымын жедел дамыту, қатынау қиын аудандарды байланыспен қамтамасыз ету, байланыс пен телехабарларын таратудың халықаралық спутниктік жүйелерімен үйлесімділік, Қазақстан Республикасының жер үсті байланыс инфрақұрылымымен келісуді, спутниктік байланыстың жаңа технологияларын енгізу.» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджетті бағдарламаның міндеттері: жер үсті басқару кешені мамандары үшін тұрғын үй-тұрмыс жағдайларын жасау, «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшыру жөніндегі бастапқы жұмыстарды қамтамасыз ету.»;
6-тармақтың кестесінде:
реттік нөмірі 1-жолдың 5-бағанында «мамандары үшін» деген сөздерден кейін «және «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшыру жөніндегі жұмыстар жүргізу үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 1-жолдың 6-бағанындағы «2006 жылдың ақпан айы» деген сөздер «Жыл бойы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацтағы «іске қосылады» деген сөздерден кейін «, «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасауға және ұшыруға арналған келісім-шарт жасалады және нобайлық жобасын әзірлеу басталатын болады.« деген сөздермен толықтырылсын;
«Соңғы нәтиже» деген абзацтағы «50%-ды құрайды» деген сөздерден кейін «; байланыс және хабар тарату ұлттық спутниктік жүйесін дамыту Қазақстанға ғарыштық байланыс қызметтерінің әлемдік нарығына шығуға мүмкіндік береді, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «Кателко» АҚ, «Астел» АҚ, «Қазтранском» АҚ, «Жарық» ЖШС, «Нұрсат» АҚ, «TNS Plus» АҚ, «Sa-Telcom» ЖШС, «Арна» АҚ телекоммуникациялық байланыс арналарын қорғанысты күшейту үшін ақпаратты қорғау құралдарын енгізе отырып, ұлттық ғарыш аппараттарына көшіруге, ұлттық және ақпараттық қауіпсіздік проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.« деген сөздермен толықтырылсын;
«Қаржы-экономикалық тиімділігі» деген абзацтағы «теңге» деген сөзден кейін «; техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес хабар тарату байланыс спутнигін пайдаланудың барлық мерзімі ішінде жобаның бюджеттік тиімділігі 125 %-ды, экономикалық тиімділігі 129 %-ды құрауға тиіс.»;
«Уақтылығы» деген абзацтағы «құрайды» деген сөзден кейін «; Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасауға және ұшыруға арналған келісім-шартта айқындалған жасау және ұшыру кезеңдеріне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
«Сапасы» деген абзацтағы «құрайды» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының аумағын бірыңғай спутникпен қамту қабылдау нүктелерін барынша азайтуға байланысты кідіру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.»;
көрсетілген қаулыға 374-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 549451 мың теңге (бec жүз қырық тоғыз миллион төрт жүз елу бір мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «Метеостанция - 2» деген сөздерден кейін «, спутниктік байланыстың 2 арнасын жалдауға» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзац мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) спутниктік байланыстың 2 арнасын жалдау.»;
«Соңғы нәтиже» деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«байланыс және хабар таратудың ұлттық спутниктік жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.;
көрсетілген қаулыға 375-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1800000 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз миллион теңге).»;
5-тармақта:
«ауылдық жерде 15 почта байланыс бөлімшелері құрылысын салу» деген сөздер «ауылдық жерде 145 ауылдық байланыс бөлімшелерін салу және техникалық нығайту» деген сөздермен ауыстырылсын;
«37» деген сандар «167» деген сандармен ауыстырылсын;
«жабдықтау» деген сөзден кейін «, 4 почта вагондарын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесін жетілдіру, Астана қаласында есептеу орталығын құру» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың кестесінде:
5-бағандағы «Ауылдық және қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшін «Қазпочта» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту» деген сөздер «Ауылдық, қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшін «Қазпочта» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту және магистральдық тасымалдау жүйесін жетілдіру әрі почта-жинақтау қызметтерін дамыту» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы «2006 жылғы 1-тоқсан» деген сөздер «Жыл бойы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«15», «37», «95», «5-8», «7-9», «3-5», «10», «95» деген сандар тиісінше «145», «167», «225», «7-10», «9-11», «5-7», «12», «225» деген сандармен ауыстырылсын;
«ауылдық почта байланысы бөлімшелерінің құрылысын салу» деген сөздер «почта салу, сондай-ақ почта вагондары паркін жаңарту, Астана қаласындағы есептеу орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.« деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 376-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 3268183 мың теңге (үш миллиард екі жүз алпыс сегіз миллион бір жүз сексен үш мың теңге).»;
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацындағы «3377048» деген сандар «3268183» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 378-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2790034 мың теңге (екі миллиард жеті жүз тоқсан миллион отыз төрт мың теңге).»;
реттік нөмірі 6-жолдың 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) 230 қоғамдық қол жеткізу пункттерін жабдықтау үшін техникалық құралдарды сатып алу;»;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 379-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2645457 мың теңге (екі миллиард алты жүз қырық бес миллион төрт жүз елу жеті мың теңге).»;
2-тармақ «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 159 қаулысы;» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) ведомстволық ақпараттық жүйелердің «Заңды тұлғалар «, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен ықпалдасуы және одан әрі өзара іс-қимыл жасауы;
10) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру.»;
6-тармақтың кестесінде:
5-бағанда:
реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына 20 штат бірлігімен көшіру, оның ішінде: мемлекеттік органның мүлкін Алматы қаласынан Астана қаласына тасымалдау жөніндегі шығыстар; қызметкерлердің жеке мүлкін тасымалдау жөніндегі шығыстар; біржолғы жәрдемақы (көтерме ақы) төлеу жөніндегі шығыстар; қызметкерлер мен отбасы мүшелерінің жол жүруіне арналған шығыстар, банк қызметтеріне арналған шығыстар.»;
реттік нөмірі 6-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бір бірлігінің құны 40 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарларды, оның ішінде: факсимильдік аппараттарды, көшіру аппараттарын сатып алу. Астана қаласына көшірілетін қызметкерлер үшін жаңа тұрғын үй сатып алу.»;
реттік нөмірі 7-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік органның Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілуіне байланысты жабдықтарды инсталляциялау жөніндегі қызметтерді сатып алу.»;
6-бағанда:
реттік нөмірі 2-жол «тамыз-желтоқсан» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 6-жол «тамыз-желтоқсан» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 7-жол «тамыз-желтоқсан» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі қызметкерлерінің саны 20 бірлік бірінші тобын Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру»;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 386-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 494977 мың теңге (төрт жүз тоқсан төрт миллион тоғыз жүз жетпіс жеті мың теңге).»;
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 389-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 338843 мың теңге (үш жүз отыз сегіз миллион сегіз жүз қырық үш мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 3-жол «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің аумақтық органдарының аппараттарын, бекітілген штат лимиті шегінде ұстау;» деген сөздерден кейін «мемлекеттік орган штатын қысқарту кезінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу;» деген сөздермен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы бойынша:
көрсетілген қаулыға 400-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1488772 мың теңге (бip миллиард төрт жүз сексен сегіз миллион жеті жүз жетпіс екі мың теңге).»;
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бойынша:
көрсетілген қаулыға 406-қосымшада:
құпия;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бойынша:
көрсетілген қаулыға 408-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 5867382 мың теңге (бес миллиард сегіз жүз алпыс жеті миллион үш жүз сексен екі мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы 9 абзацпен толықтырылсын:
«9. құпия.»;
көрсетілген қаулыға 411-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1780472 мың теңге (бір миллиард жеті жүз сексен миллион төрт жүз жетпіс екі мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «Медициналық жабдықтар (лабораториялық, диагностикалық, емдеу), автокөлік сатып алу.« деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Германияда, Швейцарияда, Францияда, АҚШ-та шығарылған тіс техникасының зертханасы бар стамотология кабинетін, имплантология үшін құралдар мен материалдар, шығыс материалдарын сатып алу.»;
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацындағы «28 бірліктен кем» деген сөздер «29 бірліктен кем» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 415-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 27719818 мың теңге (жиырма жеті миллиард жеті жүз он тоғыз миллион сегіз жүз мың теңге).»;
реттік нөмірі 1-жолдың 6-тармақ кестесінің 5-бағанының 5) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының