Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. II бөлім Өсімдіктен алынатын өнімдер

Мазмұнын қара

 

II бөлім

Өсімдіктен алынатын өнімдер

 

Ескертпелер:

1. Аталған бөлімде «түйіршіктер» термині не тікелей тығыздау не 3 салм.%-дан аспайтын мөлшердегі байланыстырғыш затты қоса отырып біріктірілген өнімді білдіреді.

 

06-топ

Тірі ағаштар және басқа да өсімдіктер; пияздар және

өсімдіктердің өзге де ұқсас бөліктері, кесіп алынған гүлдер

және сәндік өсімдіктер

 

Ескертпелер:

1. 0601 тауар позициясындағы атаулардың 2-бөлігінде келісілген ерекшеліктердің сақталуы шарттарымен аталған топқа әдетте отырғызу үшін немесе сәндік мақсаттар үшін питомниктерден немесе оранжереялардан жеткізілетін тірі ағаштар мен өсімдіктер ғана көкөністік дақылдардың көшеттерін қоса алғанда енгізіледі; алайда, аталған топқа картоптың түйнектері, пияз, шалотты пияз, сарымсақ немесе 7-топтың өзге де өнімдері кірмейді.

2. 0603 немесе 0604 тауар позициясында көрсетілген кез келген түрдегі тауарларға кез келген сілтемені гүлшоқтарға, гүлі бар себеттерге, басқа материалдардан жасалған аксессуарларды қоспағанда, осындай текті тауарлардан толығымен немесе ішінара орындалған гүл шоқтары мен ұқсас бұйымдарға сілтеме ретінде қарастыру қажет. Алайда, бұл тауар позициялары коллаждарды немесе 9701 тауар позициясының ұқсас әсемдік бейнелерін қамтымайды.

 

 

 

 

 

07-топ

Көкөністер және кейбір жеуге жарайтын тамыр

тұқымдары мен түйнек жемістер

 

Ескертпелер:

1. Аталған топқа 1214 тауар позициясының азық өнімдері

енгізілмейді.

2. 0709 - 0712 тауар позицияларындағы «көкөністер» термині жеуге жарамды саңырауқұлақтарға, трюфельдерге, зәйтүндерге немесе ливкаларға, каперсаларға, кәділерге, асқабақтарға, баклажандарға, қант жүгерісіне (Zеа mays маг. saccharata), Capsicum текті немесе Ріmenta текті ұрықтарға, фенхельге, ақжелкенге, купырге, экстрагонға, кресс салатына және бақшалық майоранға (Маjorana hortensis немесе Origanum majorana) да жатады.

3. 0712 тауар позициясына:

а) кептірілген, аршылған бұршаққап көкөністерінен (0703 тауар позициясы);

б) 1102-1104 тауар позицияларында көрсетілген түрдегі қант жүгерісінен;

в) майда және ірі тартылған картоп ұнынан, ұнтағынан, үлпектерінен, түйіршіктерінен (1105 тауар позициясы);

г) 0713 тауар позициясының майда және ірі тартылған ұнынан және кептірілген бұршаққап көкөністерінің ұнтағынан басқа (1106 тауар позициясы) 0701-0711 тауар позициясының барлық түрлерінің кептірілген көкөністері енгізілген.

4. Аталған топқа Capsicum тектес немесе Pimenta тектес кептірілген, бөлшектелген немесе бастырылған ұрықтар (0904 тауар позициясы) енгізілмейді.

Қосымша ескертпе:

1. 0714 10 100 0 қосалқы кіші позициясында»ірі және майда тартылған үн түйіршіктері»термині суда шашырату кезінде тесігінің көлемі 2 мм-ден тығыз металл сым елеуіш арқылы өтетін құрғақ затқа есептегенде 95 салм.%-дан түйіршіктерді білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

08-топ

Жеуге жарайтын жемістер мен жаңғақтар; цитрустардың немесе

қауындардың қабығы мен қабықшалары

 

Ескертпелер:

1. Аталған топқа жеуге жарамайтын жаңғақтар немесе жемістер

енгізілмейді.

2. Тоңазытылған жемістер мен жаңғақтар тиісті жаңа піскен жемістер мен жаңғақтар сияқты тауар позицияларына енгізілуі тиіс.

3. Аталған топтың кептірілген жемістері немесе жаңғақтары ішінара қайталама регидратацияға немесе:

а) сақталуын немесе тұрақтылығын арттыру (мысалы, жай жылы өңдеу, сульфурирлеу, сорбин қышқылын немесе калий сорбатын қосу жолымен);

б) олардың бұл ретте кептірілген жемістердің немесе жаңғақтардың ерекшелік қасиеттерін сақтауы шартымен олардың сыртқы түрін жақсарту немесе сақтау (мысалы, өсімдік майын немесе глюкоза шәрбетінің азғантай мөлшерін қосу жолымен) мақсатында басқа да өңдеуге ұшырауы мүмкін.

Қосымша ескертпелер:

1. Осы топтың өнімдеріндегі сахарозаға есептегенде түрлі қанттардың қатынасы 20оС температура кезінде 0,95 коэффициентіне көбейтілген рефрактометрдің көрсеткішіне сәйкес келеді.

2. 0811 90 110 0, 0811 90 310 0 және 0811 90 850 0 кіші қосалқы позицияларындағы "тропикалық жемістер" деп гуайява, манго, мангостан, немесе гарциния, папайя, тамаринд, анакардия, немесе акажу, личи, джекфрут, немесе нан ағашы, саподилла, пассифлора, немесе страстоцвет, карамбола және питайя жемістері түсініледі.

3. 0811 90 110 0, 0811 90 310 0, 0811 90 850 0, 0812 90 700 0 және 0813 50 310 0 кіші қосалқы позицияларындағы "тропикалық жаңғақтар" деп кокостар, кешью жаңғақтары, бразилия жаңғақтары, ареки (немесе бетеля) жаңғақтары, қола жаңғақтары және макадамия жаңғақтары түсініледі.