Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық
қызметкерлерiн аттестациялау ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің
2002 ж. 27 желтоқсандағы № 911 бұйрығы
(ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.19.05. № 311
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесi бекітілсiн.
2. Ғылым департаментi (В.В.Могильный) бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркесiн.
3. Ғылым Министрi - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы президентінің 1997 жылғы 19 желтоқсандағы № 241 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1998 жылғы 29 сәуiрде № 506 тiркелген "Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiн аттестациялау туралы уақытша ереженiң" күшi жойылды деп танылсын.
4. "Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 29 маусымдағы № 522 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Н.С. Бектұрғановқа жүктелсiн.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Білім және ғылым министрінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 911 бұйрығымен бекітілген
"Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың
Ғылыми және инженерлік
техникалық қызметкерлерін
аттестациялау ережесін
бекіту туралы"
Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың
Ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін
Аттестациялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестациялаудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес жасалған.