Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетiнiң, атқарылуы туралы есептердi жасау
мен ұсынудың тәртібі туралы ережелер
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 432 бұйрығы
(2006.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 1 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрлігінің 2005.27.01 № 17 Бұйрығымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне, Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қыркүйектегi № 1443 Жарлығына және "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi № 959 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрлігінің 2005.27.01 № 17 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетiнiң, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердi жасау мен ұсынудың Ережелері бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттік бюджеттi атқару департаментi (Л.П. Тхостова) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн және оның бұқаралық ақпарат кұралдарында кейiнгi жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастан күшiне енедi.
| Министр |
|
|
|
|
| А. Дунаев |
ҚР Қаржы министрлігінің 2005.27.01 № 17 Бұйрығымен атауы және барлық мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 432 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетiнiң, атқарылуы туралы есептердi жасау
мен ұсынудың тәртібі туралы ережелер
1. Жалпы ережелер