«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1015 Қаулысы (2009.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар
мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1015 Қаулысы

(2009.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

V. «Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо» бөлімінде:

12 «Көлік және коммуникация» функционалдық тобында:

02 «Байланыс жүйелері» кіші функциясында:

603 «Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» әкімшісі бойынша «3480000» деген сандар «2580000» деген сандармен ауыстырылсын;

013 «Почта-жинақтау жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша «1800000» деген сандар «900000» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«220 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 900000

013 Почта-жинақтау жүйесін дамыту 900000»;

3) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 375-қосымшада:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Құны: 900000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).»;

5-тармақта:

«145 ауылдық байланыс бөлімшелерін салу және техникалық нығайту» деген сөздер «15 ауылдық байланыс бөлімшелерін салу» деген сөздермен ауыстырылсын;

«167» деген сандар «37» деген сандармен ауыстырылсын;

«4 почта вагондарын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесін жетілдіру, Астана қаласында есептеу орталығын құру» деген сөздер алынып тасталсын;

6-тармақтың кестесінде:

5-бағандағы «Ауылдық, қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшін «Қазпочта» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту және магистральдық тасымалдау жүйесін жетілдіру әрі почта-жинақтау қызметтерін дамыту» деген сөздер «Ауылдық жерде және қалаларда почта инфрақұрылымын дамыту үшін «Қазпочта» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту.« деген сөздермен ауыстырылсын;

6-бағандағы «Жыл бойы» деген сөздер «2006 жылдың 1-тоқсаны» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақта:

мәтіндегі «145», «167», «225», «7-10», «9-11», «5-7», «12», «225» деген сандар тиісінше «15», «37», «95», «5-8», «7-9», «3-5», «10», «95» деген сандармен ауыстырылсын;

«Тікелей нәтиже:» деген бірінші абзацтағы «, сондай-ақ почта вагондары паркін жаңарту, Астана қаласындағы есептеу орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» деген сөздер алынып тасталсын;

осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 203-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 23 қазандағы

№ 1015 қаулысына 

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

203-1-қосымша

 

220-Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi

___________________________________________________________

Бюджеттік бағдарлама әкімшісi

 

2006 жылға арналған

013 "Почта-жинақтау жүйесін дамыту"

республикалық бюджеттік бағдарлама

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 900 000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысы; "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сапалы деңгейде почталық және қаржылық қызмет көрсетулердің кең аясына халықтың және экономиканың нақты секторының еркін қол жетімділігін қамтамасыз етуге қабілетті тиімді жүйені қалыптастыру.

5. Бюджеттік бағдарлама міндеттері: ауылдық жерде 96 ауылдық байланыс бөлімшесін салу және техникалық нығайту арқылы меншіктік филиалдық жүйе құру; ауылдық жерде почта байланыс бөлімшелерінің операциялық залдарын 96 комплект көлемінде өндірістік жиһазбен жабдықтау 1 почта вагонын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесін жетілдіру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: 96 ауылдық почта байланысы бөлімшесінің құрылысын салу және техникалық нығайту және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің техникалық нығайту талаптары бойынша сәйкестендіру; ауылдық байланыс бөлімшелерін 96 комплект көлемінде өндірістік жиһазбен жабдықтау, сондай-ақ почта вагондары паркін жаңарту.

Соңғы нәтиже: 96 жаңадан жарақтандырылған почта байланысы бөлімшесінде компьютерлік және банктік жабдықтардың бірыңғай инфо-коммуникациялық кеңістікте технологиялық қызметтерге нақты уақыт режимінде пайдаланушылардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін базалық алғы шарттарды құру.

Қаржы-экономикалық нәтижесі: көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейту почта-жинақтау жүйесінің жалпы табысын 7-9 % өсіруге, және сәйкесінше Қоғам жұмыскерлерінің еңбек ақысының 9-10% өсуіне, бюджетке салықтық түсімдерін 5-7% өсуіне ықпал етеді.

Уақтылығы: жасалған келісім-шарттар мен құрылыс кестелеріне сәйкес.

Сапасы: нақты уақыт режимінде қаржылық қызметтер көрсету, пайдаланушылардың Интернетке бағытталған қызметтерге қолжетуі, жаңадан жарақтандырылған почта-жинақтау жүйесінің 96 бөлімшесінде көрсетілетін қызметтердің аясын 11%-ға кеңейту.