Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің түзеу мекемелеріндегі арнайы
есепке алу бөлімдерінің (бөлiмшелерiнiң, топтарының) жұмысын ұйымдастыру
жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 150 бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түзеу мекемелерiнiң арнайы есепке алу бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң, топтарының) жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестiру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қоса берiлген Нұсқаулық бекітілсiн.
2. ҚАЖ Комитетiнiң төрағасына, облыстық ҚАЖ басқармаларының бастықтарына, түзеу мекемелерiнiң жеке құрамасы арасында оқып-үйренiп және күнделiктi қызметте осы Нұсқаулықтың талабын басшылыққа алсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетiнiң төрағасына жүктелсiн.
4. Осы бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.