ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қ.Мұңайтпасов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа жылдық контингенті - 260 адамды, Қ.Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа жылдық контингенті - 385 адамды, Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа жылдық контингенті - 150 адамды, Спортта дарынды балаларға арналған «Шаңырақ» ықшам ауданындағы республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқыту - 400 адамды құрайды.
Қ. Мұңайтпасов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: жиhаз, тұрмыстық техника, автобус 1 бірлік, спорттық құрал-жабдық - кемінде 14 дана, асхана жабдығы - кемінде 7 дана, медициналық жабдық - кемінде 2 дана, сервер - 1 дана, жиынтық компьютер - кемінде 14 бірлік.
К. Ахметов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: автокөлік (автомобиль, автобус) спорттық құрал-жабдық - кемінде 18 дана, кір жуғыш машина - 1 дана, мотор насостары - 2 дана, кабинеттерге арналған жабдықтар - кемінде 14 дана. К. Ахметов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Риддер қаласындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: автобус, медициналық жабдық - кемінде 6 дана, сынып кабинеттеріне арналған жабдық - кемінде 3 дана, тұрмыстық жабдық - кемінде 5 дана, асхана жабдығы - кемінде 3 дана, спорттық құрал-жабдық - кемінде 25 дана.
Спортта дарынды «балаларға арналған «Шаңырақ» ықшам ауданындағы республикалық мектеп-интернаты үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес, кемінде 35 бірлік, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу.
Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіне жабдықтар сатып алу: қазіргі бессайыс бөліміне 3 спорт аты, жүк тасушы, спорт құрал-жабдығы - кемінде 12 дана.
Бұқаралық және қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіне кемінде 3 жиынтық компьютер, шағын автобус - 1 дана.
Кемінде 80 оқу-жаттығу жиындарын өткізу, олимпиадалық спорт түрлері бойынша кемінде 75 республикалық және кемінде 45 халықаралық жарысқа қатысу.
Түпкі нәтиже: олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын халықаралық деңгейдегі білікті спортшылармен толықтыру және материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мектеп-интернаттарда бір оқушыны оқытуға кететін шығынның құны - 589,08 мың теңге және олимпиада резерві мектептерінде бір спортшының даярлығына кететін шығынның құны - 221,2 мың теңге құрайды.
Уақтылығы: халықаралық дәрежеде кемінде 182 спортшы даярлау және республика құрама командаларына келешегі бар үміткерлер дайындап шығару, оқу жоспары бойынша оқушылар даярлау және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттық іс-шараларға қатысу.
Сапасы: республикалық және халықаралық жарыстарда, сондай-ақ Олимпиада ойындарында жүлделі орындарды иеленуге және жоғары нәтижелер көрсетуге қабілетті спортшыларды даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылға 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
54-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 139195 мың теңге (бip жүз отыз тоғыз миллион бір жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8 , 24, 43 және 44-баптары; «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 4 және 28-баптары; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1264 қаулысы; «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсіптік орта білімді, кәсіптік жоғары білімді, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлауға 2006/2007 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 485 қаулысы, «Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоғамның дене шынықтыру және спорт саласында орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлау жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау үшін оқу процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау, насихатталатын олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын жоғары білікті спортшылармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кем дегенде 13 халықаралық жарысқа даярлану және қатысу. Республикалық спорт колледжінде жылдық орташа контингенті - 238 адамды оқыту.
Республикалық спорт колледжіне мамандарды дайындау жағдайын қамтамасыз ету үшін негізгі құрал-жабдықтарын сатып алу: компьютер жиынтығы кемінде 13 дана және жатақхана үшін төсек кемінде 100 дана.
Түпкі нәтиже: спорт ұйымдарында еңбекке орналасатын түлектердің үлесі - 60 пайызды, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыратын түлектердің үлесі - 40 пайызды құрайды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір оқушыны оқытуға кететін шығынның орташа құны - 528,9 мың теңге.
Уақтылығы: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптік білімі бар кем дегенде 76 білікті маман даярлап шығару.
Сапасы: біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету арқылы дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылға 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
55-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Спорт объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597(бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 12315166 мың теңге (он екі миллиард үш жүз он бес миллион бір жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу, халықаралық спорт аренасында Қазақстанның беделін арттыру, спортшыларды даярлауға жағдайлар туғызу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматыны және бүкіл Қазақстанды азия өңірінің спорт көшбасшыларына айналдыратын жоғары дәрежелі спортшылар даярлау үшін қажетті базаны, әлемдік стандарттағы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының кең желісін салу. Спорт ғимараттарының жағдайын жақсарту және халықты дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға бейімдеу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: