7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қоршаған ортаның сапасын жақсарту мақсатында, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қайта жаңғырту, заңдылық пен құқық тәртібін қатайту мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әрекет ету саласында қатынастарды реттеу; кәсіби деңгейін арттыру - 134 адам; мемлекеттік тілді оқыту - 340 адам; 50 әдістеме үшін сапалық және сандық көрсеткіштерді (экологиялық нормативтерді және талаптарды) бекіту.
Түпкі нәтиже: атмосфералық ауа, жердің озон қабаты, су, топырақ, жер қойнауы, жануарлар және өсімдіктер әлемі, сонымен қатар олардың өзара әрекетіндегі ауаны қоса табиғи объектілердің жиынында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қоршаған ортаны ластағаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақылардың толық түсімі,
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 14,5 мың теңге,
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 17,1 мың теңге.
Уақтылығы: мемлекеттік органға жүктелген функциялардың уақытында орындау.
Сапасы: адамды қоршап тұрған ортаның жағдайын жақсарту және қауіпті жағдайлардың, адам өмірі және өзге тірі организмдер үшін зиянды немесе қауіптің алдын алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
383-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектілерге
мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7208 мың теңге (жеті миллион екі жүз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Экологиялық сараптама туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы Заңы; «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының 8 , 63 және 64-баптары; «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 21-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; «Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1039 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экологиялық талаптарға сәйкес келуді бағалау арқылы қоршаған ортаға жоспарланған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтерді іске асыру кезіндегі ықтимал теріс әсер ету салдарларын болдырмау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоспарланған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтердің қоршаған ортаға әсерін бағалауды сараптама жасалатын құжаттамада ғылыми негізделген талдауды жүргізу жолымен мемлекеттік органдар бастамашылық жасаған жобалардың қоршаған орта сапасы нормативтеріне және экологиялық талаптарға сәйкестігін уақытылы айқындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік органдар бастамашылығымен жасалған кемінде 82 жобаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру.
Түпкі нәтиже: жоспарланған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің қоршаған ортаның жай-күйіне теріс әсер ету салдарларын барынша азайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір жобаның экологиялық сараптамасын жүргізуге арналған шығыстар орта есеппен 87,9 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерге сәйкес бір жылдың ішінде жобалардың келіп түсуіне қарай экологиялық сараптаманы жүзеге асыру.
Сапасы: мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жобалардың экологиялық қауіпсіздіктің нормалары мен талаптарына сәйкес келуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
384-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 312700 мың теңге (үш жүз он екі миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 75-бабы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі «Ғылым туралы» Заңының 3 , 18, 22 және 26-баптары; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңының 7-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» № 1241 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау» бағдарламасы туралы» № 1278 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы «2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шөлейттенумен күрес жөніндегі бағдарлама туралы» № 49 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды және инвестициялық жобаларды дайындауға ғылыми негізделген ұсыныстарды және ұсынымдарды әзірлеу; Халықаралық табиғатты қорғау конвенцияларын іске асыруды ғылыми сүйемелдеу; климат өзгеруінің; озон қабатының бұзылуының, шөлейттенудің, Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластануының және тозуының өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу; Қазақстан Республикасының аумағының экологиялық жай-күйін бағалау жөніндегі ғылыми-талдау және картографиялық материалдарды жасау; қоршаған ортаны басқарудың жаңа көзқарастарын және әдістерін әзірлеу; қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды және инвестициялық жобаларды негіздеу жөніндегі ғылыми зерттеулер; қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми-зерттеу базасын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске сыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: