«Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік
қоғамдардың тәуелсіз директорларын қызметке іріктеу жөніндегі
конкурстық комиссия құру туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 1/146 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың тәуелсіз директорларының кейбір мәселелері туралы» № 1286 қаулысына сәйкес, Алматы қаласы әкімдігі қаулы етеді:
1. Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың тәуелсіз директорларын қызметке іріктеу жөніндегі конкурстык комиссия (бұдан әрі комиссия), осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
2. Комиссия қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1286 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың тәуелсіз директорларының кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |
2007 ж. 30 қаңтардағы
№ 1/146 қаулысына қосымша
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік
қоғамдардың тәуелсіз директорларын қызметке таңдау жөніндегі
конкурстық комиссияның құрамы
Бүкенов Қайрат Алматы қаласы әкімінің
Ахмадиұлы бірінші орынбасары - төраға
Әбдіқадырова Айман Алматы қаласы қаржы департаментінің
Нұрқасымқызы директоры - төрағаның орынбасары
комиссия хатшысы: