«Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 286 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың
2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 286 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:

1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне:

Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат;

Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы талдамалық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей:

1) Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат;

2) Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы жиынтық талдамалық-ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 11 сәуірдегі

№ 286 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған

іс-шаралар жоспары

 

 

Ескертпе:

 

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы: