2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Павлодар облыстық мәслихатының (III сайланған XXII сессиясы)
2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 99/22 шешімі
(2007.14.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексінің 85-бабына сәйкес облыстық мәслихат шешім етеді:
Павлодар облыстық мәслихатының 2007.23.01. № 3/23; 2007.13.04. № 17/24 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.13.07. № 55/26 (2007 жылдың 1-қаңтарынан қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ; 2007.19.10. № 10/2 (бұр.ред.қара); 2007.14.12. № 38/3 (2007 жылғы 1-қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2007 жылға арналған бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 44727283 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 14851259 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 135524 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 360 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 29740140 мың теңге;
2) шығындар - 44821240 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 93957 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - -1340757 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1026748 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2367505 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - - 239875 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 248407 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 488282 мың теңге;
6) бюджет профициті - 1486675 мың теңге;
7) бюджет профицитін пайдалану - 1486675 мың теңге, соның ішінде:
қарыздың түсімі - 730000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 2622219 мың теңге;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 405544 мың теңге.
2. Облыстың аудандары мен қалаларының бюджеттеріне салықтардан түсетін түсімдердің жалпы сомаларының 2007 жылы бөлінуі мына мөлшерлерде:
жеке табыс салығы бойынша:
Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларына - 100 пайыз;