7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ынтымақты зейнетақыларды, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар және зейнеткерлік жасқа толған адамдарға арналған базалық зейнетақы төлемдерін төлеу.
Алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- Ынтымақты зейнетақы - 1641,8 мың адам;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақы алушылардың саны - 5,7 мың адам;
- базалық зейнетақы төлемдерін алушылар - 1671,9 мың адам;
Түпкі нәтиже: ағымдағы айдан кешіктірмей төлеу: ынтымақты зейнетақылар мөлшерін 8 пайызға көбейту және зейнеткерлік жасқа толған адамдардың барлығына 3000 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемдерін төлеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- зейнетақының ең төмен мөлшері - 7236 теңге;
- зейнетақының орташа мөлшері - 10905 теңге;
- зейнетақыларға үстемеақылардың орташа мөлшері - 17508 теңге.
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 3000 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу. Сапасы:
- тағайындалған зейнетақылар мен базалық зейнетақы төлемдерін 100 пайызға төлеу, радиациялық қатер өңірлерінде тұрғаны үшін және Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы төлемдерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ұсынған қажеттілікке сәйкес 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
151-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 72106655 мың теңге (жетпіс екі миллиард бір жүз алты миллион алты жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат төлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- ағымдағы айға төлеу;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан еселеп есептеу;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың жаңа мөлшерлерін ескере отырып уақытында төленуін қамтамасыз ету:
- жасына байланысты;
- мүгедектігі бойынша;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- мүгедектігі бойынша - 411,8 мың адам;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 237,9 мың адам;
- жасына байланысты - 12,9 мың адам.
Түпкі нәтиже: ағымдағы айға төлеу; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың кірістерін көбейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері
- мүгедектігі бойынша - 8922 теңге;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 7820 теңге;
- жасына байланысты - 4431 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу.
Сапасы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
152-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 41507918 мың теңге (қырық бір миллиард бес жүз жеті миллион тоғыз жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың жеке санаттарына қосымша материалдық қолдау көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін жаңа мөлшерінде уақытылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: