Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпаратандыру және байланыс агенттігі төрағасының
2007 жылғы 31 мамырдағы № 239-ө бұйрығы
(2009.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009.31.07 № 340 Бұйрығымен тақырыбы және преамбуласына өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 217-II Заңының 6-бабының 17-тармағына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарын тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайларды жасау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009.31.07 № 340 Бұйрығымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Е.Д. Дұрмағамбетовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | Қ. Есекеев |
ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009.31.07 № 340 Бұйрығымен тақырыбында және барлық мәтін бойынша «веб-сайттарын», «веб-сайттарының», «сайттың», «сайттарды», «веб-сайтардың», «сайт» сөздерін «интернет - ресурстарын», «интернет - ресурстарының», «интернет - ресурстың», «интернет - ресурстарды», «интернет - ресурстардың», «интернет-ресурс» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ақпаратандыру және байланыс
агенттігі төрағасының
2007 жылғы 31 мамырдағы
№ 239-ө бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың интернет - ресурстарын бағалау әдістемесі
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет - ресурстарының жұмыс істеуін бағалауды Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі келесі айдың біріне дейін жүзеге асырады. Бағалаудың нәтижелері бойынша 1-қосымшаға сәйкес нысанда қорытынды беріледі.