Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған
тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (1-кезең) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1110 Қаулысы
(2008.01.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 619 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең) (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы және мемлекеттік органдар, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындысы бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шілдеге Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.