Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1110 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 1122 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 619 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (1-кезең) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1110 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2008 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1122 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 20 қарашадағы
№ 1110 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015
жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең)
Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын болады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жыл сайын нақтыланатын болады.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Үкіметінің
2008 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1122 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Көші-кон саясатының 2001 - 2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 480-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1380 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 485-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 және 2001 жылғы 30 қазандағы № 1380 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 118-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы № 364 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 15, 192-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Көші-кон саясатының 2001 - 2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 925 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 395-құжат).