2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
(2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 180-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
164-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2122098 мың теңге (екі миллиард бір жүз жиырма екі миллион тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 5-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 28-бабы; «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы; «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы; «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабы; «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысы; «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысы; «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың және қоғамның көлік және коммуникация қызметтеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиімді әрі технологиялық жаңартылған көлік-коммуникация кешенін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көлік-коммуникация кешенін дамытудың мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларын әзірлеу; заңнамалық кесімдерді, заңнаманың қолданысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша көлік-коммуникация кешені саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді, техникалық шарттарды және өзге де нормативтерді әзірлеу және қабылдау; болжамдар әзірлеу және мемлекеттік мұқтаждардың және экономиканың тасымалдар мен коммуникацияларға деген қажеттіліктерін уақтылы сапалы қамтамасыз ету; Үкіметтің шешімі бойынша көлік-коммуникация кешенінің заңды тұлғаларының акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және үлестеріне иелік етумен және пайдаланумен байланысты қызметтерді жүзеге асыру; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес-кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: қызмет ететін көліктік-коммуникация саласын нығайту және дамытуға байланысты бірқатар іс-шараларды мониторингілеу, болжау және орындау; 107 мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру; 175 адамды мемлекеттік тілге оқыту, оның ішінде аумақтық органдардан 124 адам; 15 адамды ағылшын тіліне оқыту.
Түпкі нәтиже: көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін жүктелген функциялар мен міндеттерді барынша тиімді орындалуына қол жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
республикалық бюджет қаражаттарын тиімді шығындау және оңтайландыру;
бір мемлекеттік қызметшіге жұмсалатын орташа шығын: біліктілікті арттыруға - 34,62 мың теңге, мемлекеттік тілді оқытуға - 30,04 мың теңге және ағылшын тілін оқытуға 103,5 мың теңге.
Уақтылығы: бекітілген жоспарлармен, жыл бойы жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіптік мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарылату; көлік процестерін ақпараттық қамтамасыз етудің жаһандық жүйесінің (құру) жұмыс істеуі, сондай-ақ қозғалысты бақылау мен басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын енгізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
165-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 85351846 мың теңге (сексен бес миллиард үш жүз елу бір миллион сегіз жүз қырық алты мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкінің арасындағы (Жол көлігі саласын қайта құрылымдау жобасы) Заем туралы Келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкінің заем беру ниеті туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасы бойынша заем туралы келісімді бекіту туралы« Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы заем туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (аймақтық маңызы бар Алматы-Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш бекіту туралы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау» қарызы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз, үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісін қалпына келтіру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автожолдарды салу, қалпына келтіру, қайта жаңарту.
ҚР Үкіметінің 2008.12.06. № 579 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында пайдалануға енгізу арқылы жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу.