7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: тұрақты авиатасымалдар:
Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалаларымен қосатын 7 авиабағыт бойынша;
облыс орталықтарын байланыстыратын 2 авиабағыт бойынша.
Түпкі нәтиже:
- ішкі бағыттарда тұрақты жолаушылар ағынын қамтамасыз ету және астананың облыс орталықтарымен байланысы бойынша ұшуларды орындаған кезде орташа өлшенген жолаушылар сыйымдылығын 65-70 пайызға дейін және облыс орталықтарының байланысы бойынша ұшуларды орындаған кезде 20-25 пайызға дейін ұлғайту;
- икемді тариф жүйесін жүзеге асыру есебінен ұшулар рентабельділікке жеткен кезде бағыттарды субсидияланатын рейстер тізімінен алып тастау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жоспарлы сыйымдылық есебінен бір авиабағытқа субсидияның орташа жылдық көлемі астананың облыс орталықтарымен байланысы рейстерінде - 92,35 млн. теңгені және облысаралық орталықтар байланысы рейстерінде 10,58 млн.теңгені құрайды.
Уақтылығы: уәкілетті органдар бекіткен кестеге сәйкес 9 авиабағыт бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыру.
Сапасы: жолаушыларға қызмет көрсету ережесіне сәйкес сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
176-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
177-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Көлік және коммуникация саласындағы техникалық
регламенттер мен стандарттар әзірлеу» деген
021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 119008 мың теңге (бір жүз он тоғыз миллион сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысы; «Қазақстан Республикасы мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 801 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: автожол және автомобиль саласы қызметінің тиімділігін арттыру; автокөлік қызметтер және автомобиль тасымалдарының қауіпсіздік сапасын арттыру үшін жағдай жасау; темір жол көлігі кәсіпорындары көрсететін қызметтер сапасын арттыру үшін жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықаралық талаптарға сәйкес автожол саласындағы ұлттық нормативті-техникалық құжаттарды (стандарттарды) және техникалық регламенттерді әзірлеу, қайта әзірлеу және жаңарту; автомобиль және темір жол көлігі саласындағы стандарттау жөніндегі стандарттар мен нормативтік құжаттар кешенін жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: автожол саласындағы 1 техникалық регламенті мен 11 стандартты әзірлеу, қайта әзірлеу және үйлестіру; автокөлік саласының 17 стандартын әзірлеу және бекіту; темір жол саласының 100 стандартын әзірлеу және бекіту.
Түпкі нәтижесі: жол салу мен жөндеу жұмыстарын сапасын арттыру, автомобиль жолдарын көліктік-пайдалану жай-күйін жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру; жүк жөнелтушілерге, жолаушыларға және автокөлік пен темір жол саласы кәсіпорындарының қызметін пайдаланатын басқа да пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 879,3 мың теңге және бір техникалық регламенті бойынша 6456 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес бір жылдың ішінде.
Сапасы: Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының және жасанды құрылыстардың ұзақтығын және сенімділігін арттыру; МемСТ талаптарына сәйкес болу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
178-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Көліктік бақылау бекеттерінің желілерін дамыту»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 221329 мың теңге (екі жүз жиырма бір миллион үш жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысы; «Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: автомобиль тасымалдарының қауіпсіздігін сақтауды мемлекеттік
бақылау жүйесін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы аумағында автокөлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылау бекеттерін техникалық жарақтандыру жолымен мемлекеттік бақылау тиімділігін жоғарылату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: стационарлық таразы жабдығымен 6 көліктік бақылау бекеттерін техникалық жарақтандыру: «Қызылжар» (Астана қ.), «Атырау» (Атырау облысы), «Заречный» (Қарағанды облысы), «Ақжайық» (БҚО), «Қарабұтақ» (Ақтөбе облысы), «Шығанақ» (Жамбыл облысы).
Соңғы нәтиже: Автомобильмен тасымалдаушылардың заңнамамен белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін сақтауын қамтамасыз ету, жол төсеніштерінің сақталуын қамтамасыз ету, жол төсеніштерін жөндеуге шығындарды қысқарту және жарамдылық мерзімін ұзарту, автокөлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын көбейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жол төсеніштерін жөндеуге шығындарды қысқарту және жарамдылық мерзімін ұзарту, автокөлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын көбейту.
Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес бір жыл ішінде.
Сапасы: Бар және жөндеудегі автомобиль жолдары мен құрылыстарын сақтауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
179-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға
берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара)
1. Құны: 92021772 мың теңге (тоқсан екі миллиард жиырма бір миллион жеті жүз жетпіс екі мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және жолдарын 2010 жылға дейін дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін автомобиль жолдарын қалпына келтіру және дамыту.
ҚР Үкіметінің 2008.12.06. № 579 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында жол-құрылыс және жобалық-сметалық жұмыстар жүргізу жұмыстарын жүргізу, Алматы қаласында метрополитен құрылысының бірінші кезегін салу бойынша орындалған жұмыстар көлемі.
Соңғы нәтижесі: автомобиль жолдарының желісін дамыту үшін объектілерді пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
180-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
««Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын ұстау»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 332568 мың теңге (үш жүз отыз екі миллион бес жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1202 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Transport tower» ғимаратына (бұдан әрі - Ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғимаратқа техникалық және шаруашылық қызмет көрсету, жылумен, суық су, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріне профилактикалық жұмыстарын жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Мемлекеттік қызметті пайдаланушылар: мемлекеттік қызметкерлер.
Тікелей нәтижесі: ауданы 32294 шаршы метр ғимаратты күтіп ұстау, ғимараттың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау мақсатында ғимаратқа профилактикалық жөндеу жұмыстарын, инженерлік, санитарлық жұмыстарды, көгалдандыру мен абаттандыруды уақтылы жүргізу.
Соңғы нәтиже: ғимараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 шаршы метрге жұмсалатын орташа шығын 10298 теңгені құрайды.
Уақтылығы: жыл бойы.
Сапасы: техникалық нормаға сәйкес.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 180-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
180-1-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Темір жол көлігінің инфрақұрылымын дамыту»
деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 97000 мың теңге (тоқсан жеті миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет - Этрек (Түркіменстан) - Горган (Иран)» темір жол желісін жобалаудағы және салудағы ынтымақтастық туралы Иран Ислам Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Түркіменстан Үкіметі арасындағы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1140 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: темір жол желілерін дамыту.