2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 340-қосымша) (үзінді) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)

(2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың:

340, 341, 342, 343, 344, 345, 346, 347-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

340-ҚОСЫМША

 

 

234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін

қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 1508990 мың теңге (бір миллиард бес жүз сегіз миллион тоғыз жүз тоқсан мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 554-бабы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексі; Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 17-бабы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 47, 48, 49, 50, 51 және 52-баптары; «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік авариялардың шекарааралық әсері туралы конвенцияға қосылуы туралы« Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 25, 35 және 36-баптары; «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; «Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 1449 қаулысы; «Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі № 1154 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 131 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 08 желтоқсандағы № 1201 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастыру, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешенін жүргізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қоршаған ортаның сапасын жақсарту мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласындағы қатынастарды реттеу.

Кәсіптік деңгейді жоғарылату - 161 адам; мемлекеттік тілге үйрету - 131 адам.

Түпкі нәтиже: атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетіндегі климатты қоса алғанда, табиғи объектілердің жиынтығы бойынша экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің мемлекеттік бюджетке толық түсуі.

Бір мемлекеттік қызметшіні қайта даярлауға және біліктілігін жоғарылатуға орташа шығын - 22,1 мың теңге,

бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға орташа шығын - 27,2 мың теңге.

Уақытылығы: мемлекеттік органға жүктелген функциялардың уақытылы орындалуы.

Сапасы: адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін жақсарту және адамның денсаулығы мен басқа да тірі организмдер үшін зиянды немесе қауіпті жағдайлардың туындауы туралы ескерту.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

341-ҚОСЫМША

 

234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер»

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 312029 мың теңге (үш жүз он екі миллион жиырма тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 185-, 186-, 187-баптары; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі заңының 3 , 18, 22 және 26-баптары; «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы; «2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығы; «2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімдік жоспары туралы (екінші кезең)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысы; «Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 қаулысы; «2007-2009 жылдарға арналған Балқаш-Алакөл бассейнінің орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 163 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:

республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шаралар мен инвестициялық жобаларды дайындаудың ғылыми негізделген ұсыныстарымен және ұсынымдарымен қамтамасыз ету; халықаралық табиғат қорғау конвенцияларын іске асыруды ғылыми сүйемелдеу; климат өзгеруінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер, Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық жай-күйін бағалау жөніндегі ғылыми-талдау және картографиялық материалдар жүргізу; қоршаған ортаны басқарудың жаңа тәсілдері мен әдістерін әзірлеу; қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми-зерттеу базасын дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: