7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: 25 елді мекендегі 63 бақылау бекетінде 16 көрсеткішке дейінгі атмосфералық ауаның жай-күй туралы деректер; 14 көрсеткіш бойынша 42 метеостанцияда атмосфералық жауын-шашынның жай-күйі, оның ішінде 17 қышқылдық (сілтілігі) айқындалады және 35 метеостанцияда қар жамылғысының жай-күйі туралы деректер; 76 су объектісінде, оның ішінде 18 трансшекаралық су объектісі бойынша 40 көрсеткішке дейінгі жер үсті сулар жай-күйінің деректері; 5 көрсеткішке дейінгі 17 елді мекендегі топырақтың жай-күйі туралы деректер; радиациялық жай-күйдің деректері (75 бақылау пунктіндегі гамма-аяның өлшеулері, 43 бақылау пунктіндегі жиынтық бета-белсенділікке атмосфералық түсулердің сынамаларын алу және талдау); Бурабай кешенді станциясындағы аялық мониторингтің деректері; Арал маңындағы, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аумағындағы, Балқаш көлі бассейнінің, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі, Шучье-Бурабай курорттық аймағының, Нұра өзенінің бассейніндегі қоршаған ортаның және халық денсаулығының жай-күйі деректер туралы; уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат; Астана мен Алматы қалаларының аэросиноптикалық ахуалының жай-күйі туралы деректер; ауылды елді мекендерге радиациялық мониторингтің жай-күйі туралы деректер; зымырандық-ғарыштық қызметтің әсеріне ұшыраған Қазақстан Республикасының аумақтары учаскелерінің экологиялық жай-күйі туралы деректер;
Мемлекеттік органдарға шешімдерді қабылдау және халықты ақпараттандыру үшін ұсынылатын қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық бюллетеньдердің шығарылуы. 185 ауыл округтарының ауылды елді мекендерінің экологиялық паспорттары.
Соңғы нәтиже: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогендік құбылыстардың теріс әсерін болдырмау үшін қажетті қоршаған ортаның жай-күйі туралы дұрыс деректермен мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету.
Қаржылай-экономикалық нәтиже: қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторинг жүргізуге қолданыстағы бақылау желінің орта салмақтағы есебінен шығындары мынаны құрайды:
айына атмосфералық ауаның, атмосфералық жауын-шашынның және қар жамылғысының жай-күйіне мониторинг бойынша - 7604,4 мың теңгені;
айына құрлықтағы жер үсті сулардың және теңіздердің жай-күйіне мониторинг бойынша - 3345,2 мың теңгені;
айына топырақтың жай-күйіне мониторинг бойынша - 407,8 мың теңгені;
айына радиациялық мониторинг бойынша - 337,1 мың теңгені;
1 айға бір станцияда аялық мониторинг жүргізудің құны - 179,4 мың теңге;
1 айға Арал маңындағы қоршаған орта мен халық денсаулығының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 792,3 мың теңге;
1 айға Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 1250,5 мың теңге;
1 айға «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 1260,8 мың теңге;
1 айға Щучье-Бурабай курорттық аймақтың қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 1184,5 мың теңге;
1 айға Балқаш көлі бассейні қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 1006,9 мың теңге;
1 айға Нұра өзені бассейні қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 760,7 мың теңге;
1 айға уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг жүргізудің құны - 1200,8 мың теңге;
1 айға Астана қаласының аэросиноптикалық жағдайына мониторинг жүргізудің құны - 116,3 мың теңге;
1 айға Алматы қаласының аэросиноптикалық жағдайына мониторинг жүргізудің құны - 150,8 мың теңге;
1 айға ауылды елді мекенді пункттердің радиациялық жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 4536,7 мың теңге;
1 айға зымыран-ғарыштық қызметтің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумағы учаскелерінің экологиялық жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 2083,3 мың теңге;
1 пунктке ауылды елді мекенді пункттердің экологиялық паспорттарын жасау мақсатында ауылды аумақтарға экологиялық-демографиялық зерттеу жүргізудің құны - 125,8 мың теңге.
Уақытылық: мемлекеттік органдарды қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайын ақпараттандыру.
Сапа: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогенді құбылыстардың кері әсер етуін болдырмау үшін мемлекеттік органдарды уақытылы ақпараттандыруға мүмкіндік беретін экологиялық мониторингтің тиімді жұмыс істейтін жүйесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
347-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және
реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2388609 мың теңге (екі миллиард үш жүз сексен сегіз миллион алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 44-бабы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі; 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының өңірлерінде қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстарды қалпына келтіру, сақтау және ұтымды пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының өңірлерінде табиғи жүйелердің тозуын болдырмау және экологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін тиімді тетіктерді және іс-шараларды жасау жөніндегі шаралардың кешенін жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 3 объекті бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен, белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттама, 5 объекті бойынша құрылыс жұмысының орындалу көлемі.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының өңірлерінде экологиялық жағдайды жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін пайдалануға енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі: негізгі қаржы қорының ұлғаюы.
Уақыттылық: жұмыстарды орындаудың және жасалған шарттардың жоспары-кестесіне сәйкес.
Сапа: құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес.