ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернаты оқушыларын оқытудың орташа жылдық контингенті - 260 оқушыны, спортта дарынды балаларға арналған Қ.Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернаты оқушыларын оқытудың орташа жылдық контингенті - 385 оқушының, Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың, орташа жылдық контингенті 150 оқушыны, «Шаңырақ» шағын ауданында спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа контингенті - 400 адамды құрайды.
Спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін сатып алу: спорттық мүкәмал - кемінде 19 дана, асхана жабдығы - кемінде 11 дана, медициналық жабдық - кемінде 3 бірлік, автомобиль - 1 бірлік.
Спортта дарынды балаларға арналған К.Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернат оқушыларының, дайындалуына жағдай жасау үшін сатып алу: спорттық мүкәмал - кемінде 36 дана, асхана жабдығы - 1 дана, оқу кабинеттеріне арналған жабдық - 1 жиынтық, тұрмыстық техника - 1 бірлік.
Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының, дайындалуына жағдай жасау үшін сатып алу: оқу кабинеттеріне арналған жабдық - 1 жиынтық, спорттық мүкәммал кемінде 73 бірлік, асхана жабдығы - кемінде 5 дана, жылу қазандығы.
«Шаңырақ» шағын ауданындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының, дайындалуына жағдай жасау үшін - кемінде 7 бірлік спорттық мүкәммал кемінде 12 дана компьютер техникасын сатып алу.
К.Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың»«Монтажник» спорт сауықтыру кешеніне күрделі жөндеу жүргізу.
Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің, оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: қазіргі бессайыс бөліміне 3 спорт аты, спорт құрал-жабдығы - кемінде 31 дана.
Кемінде олимпиадалық спорт түрлері бойынша 80 оқу-жаттығу жиынын өткізу, 75 республикалық және 45 халықаралық жарысқа қатысу.
Соңғы нәтиже: олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын халықаралық деңгейдегі білікті спортшылармен толықтыру және материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мектеп-интернаттарда бір оқушыны оқытуға кететін шығынның құны - 766,3 мың теңге және олимпиада резерві мектептерінде бір спортшының даярлығына кететін шығынның құны - 292,9 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы:»халықаралық дәрежеде 182 спортшы және республика құрама командаларына келешегі бар үміткерлер дайындап шығару, оқу жоспары бойынша оқушылар даярлау және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, спорттық іс-шараларды өткізу күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттық іс-шараларға қатысу.
Сапасы: республикалық және халықаралық жарыстарда, сондай-ақ Олимпиадалық ойындарда жүлделі орындарды иеленуге және жоғары нәтижелер көрсетуге қабілетті спортшыларды даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылға 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
55-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Спорт объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 13869565 мың теңге (он үш миллиард сегіз жүз алпыс тоғыз миллион бес жүз алпыс бес мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 27-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы желтоқсандағы № 230 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу, халықаралық спорт аренасында Қазақстанның беделін арттыру, спортшыларды даярлауға жағдайлар туғызу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматыны және бүкіл Қазақстанды азия өңірінің спорт көшбасшыларына айналдыратын жоғары дәрежелі спортшылар даярлау үшін қажетті базаны, әлемдік стандарттағы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының кең желісін салу. Спорт ғимараттарының жағдайын жақсарту және халықты дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға бейімдеу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1255 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1255 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында күніне 290 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық велотректің құрылысын аяқтау; Алматы облысында күніне - 487 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық олимпиадалық дайындық базасын және Щучье қаласында күніне 380 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық шаңғы базасын салу (құрылыс-жөндеу жұмыстарының, жалпы құнының 68% мемлекеттік сараптамадан өткен, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес). Азия ойындарын өткізу үшін шаңғы трамплиндерінің (К-90, К-120) құрылысын, шаңғы және биатлон стадионының құрылысын салу, «Медеу» спорт кешенін, қалыпқа келтіру. Астана қаласында көп функционалдық Олимпиадалық даярлау орталығын салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу.
Соңғы нәтиже: Республикалық спорт объектілерін пайдалануға беру велосипед спортынан жоғары дәрежелі спортшылардың, олимпиадалық спорт түрлері бойынша және шаңғы спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спортшылардың даярлығы үшін, халықтың қыс мезгілінде белсенді демалуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық нәтиже: инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігіне бағалау жүргізудің негізінде анықталатын болады.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес орындалған жұмыс келісіміне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің