«Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 Қаулысы (2013.22.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 Қаулысы

(2013.22.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.31.05. № 714 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.22.10. № 1127 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2012.31.05. № 714 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.22.10. № 1127 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2012.31.05. № 714 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.22.10. № 1127 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда

 Қазақстан Республикасының

Үкіметінің

2008 жылғы 8 ақпандағы

№ 124 қаулысымен

бекітілген

 

 

Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртібін айқындайды.

3. Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу жүйелі, мерзімді толықтырылатын және нақтыланатын мәліметтер жиынтығын білдіреді, ол озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрында қалыптастырылады.

4. Қағидалар озон қабатын бұзатын заттарды мынадай қызмет түрлерінде тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қолданылады:

1) озон қабатын бұзатын заттарды өндіру;

2) озон қабатын бұзатын заттарды әкелу және әкету;

3) озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстарды өндіру, құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау және оларға қызмет көрсету.

 

 

2. Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртібі

 

5. Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алуға осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген озон қабатын бұзатын заттар тізбесіне сәйкес озон қабатын бұзатын заттар жатады.

6. Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолдану салалары бойынша әкелінген, әкетілген және іске асырылған озон қабатын бұзатын заттардың мөлшері туралы нақты мәлімет ұсынады.

7. Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын дайындау үшін озон қабатын бұзатын заттарды әкелуді және әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер сатып алушы ұйымның атауын және орналасқан жері мен болжанған қолданылу саласын көрсете отырып, әкелінген, әкетілген және іске асырылған озон қабатын бұзатын заттардың мөлшерінің есебін жүргізеді.

8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрына озон қабатын бұзатын заттарды жылдық тұтыну туралы деректерді енгізеді.

 

Озон қабатын бұзатын

заттарды тұтынуды

есепке алу қағидаларына

1-қосымша

 

 

Озон қабатын бұзатын заттар тізбесі

 

 

Ескертпелер:

* Осы формула 1, 1, 2-трихлорэтанға қолданылмайды.

** А, В, С, Е тізімдеріне енгізілген озон қабатын бұзатын заттарды әкелу/әкету:

оларды басқа химиялық заттарды өндіру үшін шикізат ретінде ғана қолдану;

оларды 1987 жылғы 16 қыркүйектегі Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасында көзделген ерекше жағдайларда қолдану;

оларды 1987 жылғы 16 қыркүйектегі озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасының қатысушылары болып табылатын бір мемлекеттен басқа мемлекетке Кеден одағының кеден аумағы арқылы транзиттік тасымалдау жағдайларында ғана мүмкін болады.

 

Озон қабатын бұзатын

заттарды тұтынуды

есепке алу қағидаларына

2-қосымша

 

 

Озон қабатын бұзатын заттарды жылдық тұтыну есептілігінің
нысаны