«Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1127 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.