Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы
көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 24 ақпандағы № 288 қаулысы
(2007.24.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 31 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.18.03. № 248 Қаулысымен тақырыбында және мәтін бойынша сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік қаражатты үнемдеу режимі және арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.18.03. № 248 Қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілік табелі;
2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған көлiк құралдарының тиесілік табелі;
3) арнайы су көлігінiң тиесілілік табелi бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының