Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 Қаулысы
(2008.25.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.25.01. № 65 Қаулысымен базалық және шекті ставкалар өзгертілді (бұр. ред. қара)
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1314 қаулысымен
Бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және
шекті ставкалары