Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 тамыздағы № 655 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 545-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Тізбеге енгізілген салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мұрагері(лері) заңнамада белгіленген тәртіппен тізбеге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгенге дейін республикалық мониторингке жатады деп белгіленсін.
3. «Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 850 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.