Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1223 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 маусымдағы № 580 Қаулысы
«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«2692376405» деген сандар «2722210114» деген сандармен ауыстырылсын;
«2209284565» деген сандар «2103413632» деген сандармен ауыстырылсын;
«46088728» деген сандар «51805329» деген сандармен ауыстырылсын;
«8726192» деген сандар «8544482» деген сандармен ауыстырылсын;
«428276920» деген сандар «558446671» деген сандармен ауыстырылсын;
«2681895078» деген сандар «2768087899» деген сандармен ауыстырылсын;
«10481327» деген сандар «-45877785» деген сандармен ауыстырылсын;
«55686680» деген сандар «50099351» деген сандармен ауыстырылсын;
«61636752» деген сандар «56049423» деген сандармен ауыстырылсын;
«165938207» деген сандар «238377064» деген сандармен ауыстырылсын;
«167438207» деген сандар «239877064» деген сандармен ауыстырылсын;
«-211143560» деген сандар «-334354200» деген сандармен ауыстырылсын;
«1,4» деген сандар «2,1» деген сандармен ауыстырылсын;
«211143560» деген сандар «334354200» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшада «күрделі» деген сөзден кейін «және орташа» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) 13-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалақының ең төменгі мөлшерінің ұлғаюына байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарына өтемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;»;
3) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі:
2008 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін «Достық Энерго» акционерлік қоғамына кредиттік ресурстарды беру тәртібі;
2008 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын 2008 - 2009 жылдардың жылыту маусымында энергиямен тұрақты жабдықтау мақсатында энергия өндіретін ұйымдар үшін отын жеткізу жөніндегі шығындарды өтеу тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.»;
4) 10-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
5) мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым және Денсаулық сақтау министрліктері 2008 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендиялар төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу туралы шешім жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.»;
6) 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
2008 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын;
2008 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар алушыларға 2008 жылғы бірінші жарты жылдық үшін ай сайынғы өтемақыны төлеу тәртібі туралы шешімнің жобасын, сондай-ақ оларды тағайындау туралы шешімдердің нысандары мен көшірмелерін;
2008 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде Қарағанды облысының облыстық бюджетінің «Қарметкомбинат» мемлекеттік акционерлік қоғамы қызметкерлерінің 1995 жылғы қарашаға дейін пайда болған жалақысы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.»;
7) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
«Барлығы» деген жолдағы «334626» деген сандар «232008» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын;
8) көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
«Барлығы» деген жолдағы «3834034» деген сандар «3070885» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 14-жолдағы «736475» деген сандар «289433» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 16-жолдағы «679791» деген сандар «363684» деген сандармен ауыстырылсын;
9) көрсетілген қаулыға 9-қосымшада:
тақырыбында «күрделі» деген сөзден кейін «және орташа» деген сөздермен толықтырылсын;
«Барлығы» деген жолдағы «11908331» деген сандар «11658444» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7-жолдағы «1654000» деген сандар «1404113» деген сандармен ауыстырылсын;
10) көрсетілген қаулыға 15-қосымшада:
«Барлығы» деген жолдағы «2359121» деген сандар «2310606» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолдағы «220775» деген сандар «196998» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолдағы «225055» деген сандар «200317» деген сандармен ауыстырылсын;
11) көрсетілген қаулыға 1, 2, 3, 16, 17, 18-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
12) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес 13-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының (2-кезең) 4 және 5-бөлімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Орталық атқарушы органдар екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 580 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1223 қаулысына
1-қосымша
2008 жылға арналған республикалық бюджет