Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 Қаулысы
(2011.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2009.09.12. № 2052 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009.09.12. № 2052 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.12. № 2052 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.25.06. № 708 Қаулысымен кешенді жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 865 қаулысымен
бекітілген
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ 2009 - 2012 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
КЕШЕНДІ ЖОСПАР
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
IIМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ - «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру» акционерлік қоғамы
«Даму» қоры» АҚ - «Даму» қоры» акционерлік қоғамы
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы
«Қазақстанинжиниринг» ҰҚ» АҚ - «Қазақстанинжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ - «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ - «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
* 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.