Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 2052 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «2011» деген сандар «2012» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған кешенді жоспар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2009 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 2052 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 865 қаулысымен
бекітілген
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ 2009 - 2012 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАР
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
IIМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ - «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру» акционерлік қоғамы
«Даму» қоры» АҚ - «Даму» қоры» акционерлік қоғамы
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы
«Қазақстанинжиниринг» ҰҚ» АҚ - «Қазақстанинжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ - «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ - «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
* 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.