3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Ақпараттық қоғамды құру - 2003 жылғы 21 желтоқсанда ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейде Бүкіләлемдік кездесудің женевалық кезеңі барысында әлемдік жетекшілермен қабылданған женева декларацияда айтылғандай, жаңа мың жылдықтың ғаламдық міндеті. Қазақстан ақпараттық қоғамды құру жолында. Осы бөлімнің мақсаты - шешілмеген міндеттерді анықтау, өткен жолдың нәтижелерін сыны талдау.
ЭҮ қалыптастырудың бағдарламасын іске асырудың нәтижелері.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған бірінші бағдарламасы электрондық үкіметтің техникалық инфрақұрылымын құруды өзінің негізгі міндеттері деп санады, сондай-ақ, ЭҮ базалық құрамдас бөліктерін (портал, шлюздер, БКО, МДҚ) құру. ЭҮ қалыптастырудың бағдарламасын іске асыру нәтижелері бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
Астана қаласы бойынша МО БКО пилоттық аймағы тұрақты пайдалануға қабылданды;
барлық облыс орталықтарын, сондай-ақ Алматы, Астана қалаларын қамтитын деректерді беру мультисервистік спутниктік желісінің пилоттық жобасы іске асырылды;
орталық мемлекеттік органдар арасында ЭҚАБЖ енгізу аяқталды, атап айтқанда ЭҚАБЖ 38 мемлекеттік органдарда енгізілді;
деректер қорының жүйесін құрайтын «Жеке тұлға» МДҚ, «Заңды тұлға» МДҚ, «Мекен-жай тіркелімі» МДҚ, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ, «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесі, ЭҮ порталы мен шлюзіне жататын, ЭҮ базалық құрамдас бөліктері құрылды;
төлем шлюзін, ҰБЖ құруды аяқтау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде;
мемлекеттік органдардың электрондық қызметіне аса кеңейтілген қол жеткізілімді қамтамасыз ету мақсатында 1186 қоғамдық қол жеткізу пункттері құрылды;
ЭҮ ақпараттық кезеңін іске асыру аяқталды, ЭҮ веб-порталы арқылы берілетін ақпараттық қызметтерді тұрақты өзектілеу қамтамасыз етілуде;
мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтерін іске асыру қамтамасыз етілді;
саны 50 адамнан асатын халқы бар 7305 ауылдық елді мекеннің 6643-і телефондандырылды, телефондық тығыздық 100 тұрғынға 18,5 телефонға дейін жеткізілді;
2007 жылдың соңында Интернетке қосылған мектептердің саны 95%-ға жеткізілетін болады;
АКТ саласындағы білім деңгейін арттыру шеңберінде мектептердегі 1 компьютерге келетін 54 оқушылар саны 25-ке азайтылды, қашықтан оқытудың спутниктік арнасына қосылған мектептер саны 8,7%-дан 21%-ға көбейтілді;
Мобилдик телефон байланысының абоненттері жылдық өсімінің жоғарғы көрсеткіштері - 123,5% жетті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 42 мемлекеттік органы МО БКО желісіне қосылған, олар қамтамасыз ететіндер:
Астана қаласы бойынша электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін;
«Жеке тұлға», «Заңды тұлға», «Мекен-жай тіркелімі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорының жұмыс істеуін;
ЭҮ веб-порталының жұмыс істеуін;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары арасында бейнеконференцбайланысты қамтамасыз ету;
ЭҮ басқару институттары АКТ (бұдан әрі - АКТ) саласындағы кез келген табысты бизнес-институттары сияқты эволюциялық кемелдену: бастапқы, басқарушы, анықталған және оңтайландырылған деңгейінен өтеді. ЭҮ бір кемелдену деңгейінен басқасына көшу мынадай тіке нәтижелер: - Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» іске асыру жөніндегі кезекті бағдарламаларды қабылдаумен және бұрынғы құрамдас бөліктерін жетілдірумен, жаңа сапалы технологиялық құрамдас бөліктерін толықтырумен, аймақтық кеңейтумен белгіленеді.
ЭҮ қалыптастырудың бағдарламасын іске асырудың нәтижелері бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
ЭҮ кемелденуінің екінші деңгейіне толықтай қол жеткізілді. ЭҮ контурлары анықталды - табыстың әртүрлі дәрежелерінің базалық құрамдас бөліктері, сондай-ақ, ЭҮ негізгі технологиялық сәулеті анықталды және соңғы және тікелей нәтижелерінің терминдерінде ЭҮ іске асырудың стратегиялық көрінімі қалыптастырылды.
Кемелденудің үшінші кезеңіне жету кезінде ЭҮ базалық құрамдас бөліктері мен электрондық қызметтердің дербес жобаларының қосындысы сияқты болжанбайды, стандартталған талаптар мен іске асырудың жоспарының бірыңғай ортасы ұсынылады. Кемелденудің жоғарғы деңгейіне өту мемлекеттік корпоративтік басқарудың базалық элементтерін енгізуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтердің көптеген басымдық санаттарының сапасы мен тиімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте ЭҮ сәулеті осы кезеңдегі міндеттерді тиімді шешудің негізгі құралдары болып табылады.
Төменде кестелік нысанда ЭҮ-ті іске асырудың жүйелік ландшафты ЭҮ-нің сапалы жаңа технологиялық құрамдастары терминдерде, өрістету мен тиісті іс-қимылдар - қалыптасу, даму және оңтайландыру деңгейлерінде берілген.
Кесте. ЭҮ технологиялық құрамдас бөліктерінің жүйелік ландшафты.
Мында келесі белгілер пайдаланылады: Қ - қалыптастыру, Д - дамыту, О - оңтайландыру; Т1 - орталық, Т2 - облыс орталықтары, Т3 - аудан орталықтары; Қі, Ді, Оі - ЭҮ технологиялық құрамдас бөліктерін қалыптастыру, дамыту мен оңтайландырудың тиісті бағдарламаға қарасты, і= 1, 2, 3 деңгейдегі Ячейкадағы сызық осы құрауыштың ЭҮ кемелденуінің осы деңгейінде іске асырылмағанын (іске асырылмаған, ұсынылмайды немесе іске асырылуы мүмкін емес) білдіреді.