Қалалар мен шаруашылық жүргізу объектілерін санаттау дәрежесіне байланысты азаматтық қорғаныстың
инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 22 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкіміне сәйкес халық пен аумақтарды қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған Азаматтық қорғаныс іс-шараларының кешенін іске асыру, техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларда материалдық шығынды азайту, сондай-ақ әскери іс-қимылдар жүргізу кезінде туындайтын қауіп-қатерлерден қорғау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қалалар мен шаруашылық жүргізу объектілерін санаттау дәрежесіне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі В.В.Петровқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.