Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкалары;
2) балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкалары;
3) өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын (аң мен балық аулаудан басқа) жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2008 жылғы 14 қарашадағы
№ 1061 қаулысымен
бекітілген
Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар
түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкалары
Үкіметінің
2008 жылғы 14 қарашадағы
№ 1061 қаулысымен
Бекітілген
Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар
түрлерін пайдаланғаны үшін ақы ставкалары
Үкіметінің
2008 жылғы 14 қарашадағы
№ 1061 қаулысымен
бекітілген
Өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан
басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны
үшін төлем ставкалары
Үкіметінің
2008 жылғы 14 қарашадағы
№ 1061 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарларды 1998-2002 жылдары шектеулі алудың мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 1035 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 36, 329-құжат).
2. «Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 маусымдағы № 969 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі туралы ереженің 13-тармағы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 1035 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қыркүйектегі № 1217 қаулысы.
4. «Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 11, 109-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 459 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 238-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 942 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 452-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 322 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 143-құжат).