Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 459 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23
сәуірдегі № 459 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді:

1. "Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 11, 109-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) осы қаулымен бекітілген балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларында:

"Судағы омыртқасыз жануарлар" бөлiмiнде:

"Төлем ставкалары, теңгемен" деген бағанда:

"бiр килограмы үшiн" деген 4-бағандағы:

реттiк нөмiрi 1 жолдағы "10" деген сан "100" деген санмен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 2 жолдағы "3" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;

реттік нөмiрi 3 жолдағы "10" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын;

реттік нөмiрi 4 жолдағы "3" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 5 жолдағы "1" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 23 сәуірдегі № 459 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысымен

бекітілген

Балық аулау объектілерi болып табылатын жануарлар түрлерiн

пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары