Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысы
(2007.20.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 Қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған мыналар бекітілсiн:
1) аңшылық объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары;
2) балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары;
3) өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары.
2. "Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарларды 1998-2002 жылдары шектеулi алудың мүмкiндiктерiн зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 36, 329-құжат) мынадай толықтыру енгізiлсiн:
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жануарларды аулағаны үшiн төлем ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi, бiр дарағы үшiн теңгемен:
арқар - 900000;
үстiрт арқары - 500000;
қарақұйрық - 38000".
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының