Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық кодексі (Салық кодексі) (2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

Уәкілетті мемлекеттік органдар салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріп алынатын және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді электрондық нысанда ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерді қағаз жеткізгіште ұсынуы талап етілмейді.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады)

9. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді берген кезде осындай көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінген күні туралы, сондай-ақ оны дайындаушы ел туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді.

 

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 583-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

583-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі міндеттері

1. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандар, бірыңғай тіркеуші, брокерлер және (немесе) дилерлер:

1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға, бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар екендігі, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуға;

2) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, шет мемлекеттің уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға ашылған, бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар екендігі, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

2. Инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандар:

1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға, бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге активтердің бар екендігі туралы мәліметтерді ұсынуға;

2) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, шет мемлекеттің уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, өзге активтердің бар екендігі туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

3. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары:

1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға бейрезидент жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді ұсынуға;

2) уәкілетті органның сауалы бойынша шет мемлекеттің уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.

 

 

82-тарау. САЛЫҚ НЫСАНДАРЫН ҚАБЫЛДАУ. КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ

 

584-бап. Салық нысандарын қабылдау

1. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандары салық органдарына осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етіледі.

2. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандарын салық органдарына ұсыну күні оларды табыс ету тәсілдеріне қарай:

1) келу тәртібінде - салық органдарының салық есептіліктерін және (немесе) өтініштерді қабылдау күні;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта бойынша немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы:

салық есептілігі үшін - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;

салықтық өтініш үшін - салық органдары алған күн;

3) электрондық нысанда - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

2-1. Осы Кодекстiң 69-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес керi қайтарып алынған салық есептілігiн қабылдаған күн осы Кодекстiң 69-бабының 1-тармағына сәйкес табыс етiлген салық есептілігiнiң табыс етiлген күнi болып табылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Почта немесе өзге байланыс ұйымдарына салық есептілігін тапсыру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі салық есептілігі почта немесе өзге де байланыс ұйымы қабылдаған уақыт пен күннің белгісі болған кезде, мерзімінде тапсырылған деп есептеледі.

Салық органдарына салық есептілігін тапсыру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы тапсырылған электрондық нысандағы салық есептілігі мерзімінде тапсырылды деп есептеледі.

4. Салық органдары салық есептілігі электрондық нысанда табыс етілген кезде салық органдарының қабылдау жүйесі салық есептілігін қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге аталған жүйенің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Салық органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесімен салық есептілігін қабылдау және өңдеу кезінде оның толық және дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын пішімді-логикалық бақылау жүргізіледі.

5. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандары, егер:

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган белгілеген салықтық нысандарға сәйкес келмесе, немесе

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) салық органының коды көрсетілмесе, немесе

3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) салық кезеңі көрсетілмесе немесе

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) салық есептілігінің түрі көрсетілмесе, немесе

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6) салық есептілігіне қол қоюға қатысты осы Кодекстің талаптары бұзылса, немесе

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) салық есептілігі түрлерінің электрондық пішім құрылымында пішімді-логикалық бақылау талаптары бұзылса;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8) салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда салық есептілігін ұсыну тәсіліне қатысты осы Кодекстің 72-бабы 1-тармағының талаптары бұзылса;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдерін қосылған құн салығы декларациясымен бірге бір мезгілде ұсынуға қатысты осы Кодекстің 270-бабы 2-тармағының талаптары бұзылса, салық органдарына табыс етілмеген деп есептеледі.

 

585-бап. Камералдық бақылау

1. Камералдық бақылау - салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылау.

Камералдық бақылау қатерлерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. Камералдық бақылаудың мақсаты - салық органдары камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық органдарында тiркеу есебiне қою және (немесе) осы Кодекстiң 587-бабына сәйкес салық есептілігiн ұсыну және (немесе) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу арқылы салық төлеушiге дербес жоюға құқық беру.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 586-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

586-бап. Камералдық бақылауды жүргiзу тәртібі мен мерзiмдерi

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректердi:

1) салықтық есептіліктi;

2) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтерiн;

4) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Камералды бақылау осы Кодексте белгіленген осындай кезең үшін салық есептілігін табыс ету кезеңі өткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін жүргізіледі.

2. Камералдық бақылау осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген ережелер ескерiле отырып, талаптың өткен мерзiмi iшiнде жүзеге асырылады.

 

587-бап. Камералдық бақылау нәтижелері

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

тәуекелі жоғары деңгейдегі бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

тәуекелі орташа деңгейдегі бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде мәлімет үшін жіберіледі және оның орындалуы міндетті болып табылмайды.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Осы тармақтың ережелері камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекелі төмен деңгейдегі бұзушылықтарға қолданылмайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) мына құжаттардың бірін:

1) анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілігін,

2) осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келетін, анықталған бұзушылықтар жөнінде түсініктемені,

3) осындай хабарламаны жіберу бойынша салық органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ұсыну камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салық органдарына анықталған бұзушылықтар жататын кезең үшін салық есептілігін ұсынады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына - анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме;

2) жоғары тұрған салық органына - камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген түсініктеме:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) түсініктемеге қол қойған күнін;

2) түсініктемені табыс еткен тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) не толық атауын, оның тұрғылықты жерін (орналасқан жерін);

3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірін;

4) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауын;

5) түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз болып табылатын мән-жайлардың;

6) қоса берілетін құжаттардың тізбесін қамтуға тиіс.

Егер түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз ретінде растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.

3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы Кодекстің 37-1-бабының 6-тармағына және 43-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.

Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.

 

 

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 83-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

83-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ, МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН, МІНДЕТТІ КӘСІПТІК ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН АУДАРУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫ, МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА АУДАРЫМДАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖАРНАЛАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

 

588-бап. Жалпы ережелер

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алуды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізуі:

дербес шотты ашуды;

кейіннен жеке шотта салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді;

дербес шотты жабуды қамтиды.

Дербес шотты жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Салық міндеттемелерін ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда:

салық төлеуші (салық агенті) - салық есептілігінде, тауарлар декларациясында;

салық органы - уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша;

уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодексте көзделген негіздер бойынша есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген, кемітілген сомасы болып табылады.

Осы тараудың мақсатына орай есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі де кемітілген қосылған құн салығының сомасы болып табылады.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Міндеттемелерді ұлғайтуды немесе азайтуды қамтитын:

тексеру нәтижелері бойынша;

тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары бойынша есепке жазылған сома салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомасы болып табылады.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша жүргізіледі.

6. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты бірыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргізіледі.

 

589-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын ашу және жүргізу

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі бойынша ашылады және салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша жүргізіледі.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жеке шот салық төлеушіге (салық агентіне) бересі немесе артық төлеу сомасын қамтитын есеп-қисаптар сальдосы көрсетіле отырып, ағымдағы жылдың басында немесе салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша міндеттер туындаған күні ашылады. Салық төлеушінің (салық агентінің) бересісі немесе артық төлеуі болмаған жағдайда есеп-қисаптар сальдосы нөлге тең деп есептеледі.

Ағымдағы жылдың алдындағы жыл үшін жеке шоттан есеп-қисаптар сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін дербес жеке көрсетілген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың төленген (есепке жатқызылғандарын, қайтарылғандарын шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (кемітілгендерін шегергенде) сомалары арасындағы оң айырма артық төлем деп танылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотындағы салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша ағымдағы жылдың алдындағы жылы жеке шот жүргізілген болса, онда ағымдағы жылдың жеке шотына ағымдағы жылдың алдындағы жылдың жеке шотынан есеп-қисаптар сальдосы көшіріледі.

4. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсету күнін, іс-әрекеттің мазмұнын, оның негізінде мұндай көрініс жүргізілген құжаттың атауын көрсете отырып, есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар көрсетіледі.

5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты ұлттық валютада жүргізіледі.

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелеріне сәйкес салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін және (немесе) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетел валютасымен төлеуді ұсынған жағдайда, дербес шотттағы есеп мынадай тәртіппен:

1) салық есептілігін ұсыну күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып есептелген, азайтылған сомалар;

2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған төлем құжаттарының негізінде төленген сомалар ұлттық валютада жүргізіледі.

Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотындағы есептелген немесе азайтылған соманы салық есептілігін ұсынған және салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді төлеген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруінен жеке шотта туындаған айырма сомасына түзетуді жүргізеді. Түзету мөлшері төлеу жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып айқындалады.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 590-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

590-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарындағы салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу салық есептілігі, тауарлар декларациясы деректерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.