Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық кодексі (Салық кодексі) (2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

3. Салықтық тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың төлнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.

Осы тармақтың ережелері:

1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;

2) бақылау-касса машиналарының болуы;

3) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

4) көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;

5) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің болуы;

6) осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерге қолданылмайды.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінде көрсетілген тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін жұмыскеріне танысу үшін нұсқаманың төлнұсқасы ұсынылады және оның көшірмесі тапсырылады. Төлнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін жұмыскерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.

5. Салық төлеуші (салық агенті) салық органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда тексеру жүргізетін салық органының қызметкері куәгерлерді (екеуден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акті толтырады. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актіде:

1) толтырылған орны мен күні;

2) акт жасаған салық органы лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

3) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;

4) нұсқаманың нөмірі, күні, салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

5) нұсқамаға қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетіледі.

6. Салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқаманы алудан бас тартуы салықтық тексеру жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.

7. Салық төлеушінің салық органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартуы, салық органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге жібермеуді білдіреді.

Осы тамақтың ережелері осы Кодекстің 636-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларға қолданылмайды.

8. Салықтық тексеруді жүзеге асыру кезеңінде аталған тексеруді салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша тоқтатуға жол берілмейді.

 

634-бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері

1. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу кезінде салық төлеуші және (немесе) оның өкілі қатысады.

2. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу үшін салық органдары зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті түрде мыналар:

1) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер. Салық органдарының қажет болғанда салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;

2) ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-тексерілетін салық салу объектілерімен және (немесе) салық салуға байланысты объектілерімен байланысты өзге де құжаттардың болуы;

3) бақылау-касса машинасының фискалды есебі зерттеп-тексерілуге тиіс.

3. Хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу кезінде хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізуші салық органдарының лауазымды адамдары күнделікті хронометраждық-бақылау картасына зерттеп-тексеру барысында алынған мәліметтердің толық және нақты енгізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көзіне бөлек хронометраждық-бақылау картасы жасалады, олар мынадай мәліметтерді:

1) салық төлеушінің атауын, сәйкестендіру нөмірін және қызмет түрін;

2) зерттеп-тексеруді жүргізу күнін;

3) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жерін;

4) хронометраждық зерттеп-тексерудің басталу және аяқталу уақытын;

5) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні, өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын;

6) зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша деректерді;

7) зерттеп-тексеру нәтижелерін;

8) басқа да деректерді қамтиды.

4. Күнделікті зерттеп-тексеру жүргізілетін күн соңында барлық зерттеп-тексерілетін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.

5. Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық зерттеп-тексеру актісіне қоса беріледі.

Хронометраждық-байқау картасына қажет болған кезде құжаттардың көшірмелері, хронометраждық-бақылау картасында көрсетілген деректерді растайтын зерттеп-тексеру барысында алынған есептер және басқа да материалдар қоса беріледі.

6. Салық төлеушілерді хронометраждық зерттеп-тексерудің нәтижелері кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру қорытындысы бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есепке жазу кезінде ескеріледі.

 

635-бап. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларациясында көрсетілген талаптар негізінде тақырыптық тексерулер жүргізу тәртібі

1. Қайтаруға жататын қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру асып кеткен соманы қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынған салық төлеушіге қатысты жүргізіледі.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тексерілетін кезеңге асып кеткен соманы қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынған салық кезеңі, сондай-ақ осы салық түрі бойынша тексеру жүргізілмеген, бірақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аспайтын алдыңғы кезең де енгізіледі.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Осы Кодекстің 273-1-бабына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында салықтық тексерулер жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге:

өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар құрылысы басталған;

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған салық кезеңінен басталған уақыт кезеңі енгізіледі.

Осы Кодекстің 273-1-бабында көрсетілген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау кезінде, қарсы тексерулерді қоса алғанда, салық төлеушіге бұрын жүргізілген салықтық тексерулер нәтижелері ескеріледі.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тауарлар экспорты жағдайында осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығы сомасын айқындау кезінде уәкілетті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіткен нысанда және тәртіппен табыс етілген кеден органының Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде тауарлар әкету фактісін растайтын мәліметтері ескеріледі.

Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде тауарларды әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауаптылықта болады.

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 276-11-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 276-13-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына өткізіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша және тәртіппен табыс етілген, өңдеу өнімдерін Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.

Өңдеу өнімдерін Кеден одағының кеден аумағынан экспорт экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Тауарлардың экспорты жағдайында қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсім түсірген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізілетін тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.

Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушіге сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушыға берілген тауарлар бойынша импорттық тауарлар декларациясының болуы есепке ескерілді.

Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған, зат түрінде қарыз берген жағдайда, қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциясы бойынша шарттың (келісімшарттың), зат түрінде қарыз беру бойынша шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ аталған операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің болуы ескеріледі.

Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша оған меншік құқығының лизинг алушыға көшуін көздейтін Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына тауарларды әкеткен жағдайда лизинг төлемінің нақты түсуін растайтын (тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының өтелуі бөлігінде) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосылған құн салығын төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі ескеріледі.

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына не Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуы тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосылған құн салығын төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі жөніндегі мәліметтер ескеріледі.

Валюталық түсімнің түсуі туралы салық органдарына қорытынды беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.

Осы қорытындыны алу үшін салық органдары осындай қорытындыны жасау күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы тиісті сауал жібереді.

Осы тармақтың салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегі банктердегі банк шоттарына валюталық түсімнің түсуi жөніндегі талаптары осы Кодекстiң 245-бабының 1-1-тармағында аталған салық төлеушiлерге қолданылмайды.

5. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында салық органы тексеру жүргізілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей берушілеріне қарсы тексеру тағайындауы мүмкін. Егер тексеру жүргізілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей берушілері қосылған құн салығы бойынша басқа салық органында тіркелу есебінде тұратын болса, тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы тиісті салық органына қарсы тексеру жүргізу туралы сұрау салу жібереді.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Қосылған құн салығы сомаларын қайтаруды талап еткен салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі - мониторингке жататын ірі салық төлеушісі арасындағы операциялар бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауды тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы салық органынан осындай салық органы жіберген сұрау салауға алынған қосылған құн салығы сомаларын растау туралы мәліметтердің негізінде жүргізеді.

Салық органына сұрау салу осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен сұрау салуды жіберу туралы шешім қабылданған тікелей өнім берушіге - мониторингке жататын ірі салық төлеушіге қатысты жіберіледі.

Сұрау салуда тексеру жүргізілетін салық төлеуші, тікелей өнім беруші - мониторингке жататын ірі салық төлеуші туралы деректер, олар жазып берген есеп фактурасының нөмірі, күні, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу жөніндегі айналым сомасы, қосылған құн салығы сомасы болуға тиіс, сондай-ақ тексеру жүргізілетін кезең көрсетіледі.

Салық органы қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы, соның ішінде сұрау салуда көрсетілмеген, тексеру жүргізілетін кезең ішінде тікелей өнім беруші - мониторингке жататын ірі салық төлеуші мен тексеру жүргізілетін салық төлеуші арасында жасалған операциялар туралы мәліметтерді ұсынады. Қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы мәліметтер уәкілетті органдағы салық есептілігiнiң деректері негізінде ұсынылады.

7. Өзіне қатысты тақырыптық тексеру жүргізілетін қосылған құн салығын төлеушінің мынадай өнім берушілері:

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) кейіннен оларды сатып алушы экспорттаған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды беруді жүзеге асырған;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) байланыс қызметтерін беруді жүзеге асырған;

2) жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен, тауарларды жеткізген, Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және филиал, өкілдік арқылы қызметін жүзеге асырмайтын бейрезидент өнім берушілер;

3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер қарсы тексеруге жатпайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Өнім берушіге міндетті үстеме тексеру тағайындау және (немесе) салық органына мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салықтық есептілігі негізінде қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау туралы сауал жіберу туралы шешім «Пирамида» талдамалық есеп талдауының нәтижелері бойынша алшақтық айқындалған тексерілетін салық төлеушінің тікелей өнім берушілері бойынша қабылданады.

Осы баптың мақсаты үшін «Пирамида» талдамалық есебі - салық төлеуші (салық агенті) қосылған құн салығы бойынша ұсынған салық есептілігін зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Салықтық тексеру аяқталған күнге:

өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге сауал салуға жауаптар алынбаған;

тексерiлетiн салық төлеушiнiң өнiм берушiсi бұрын жiберiлген сауал салу бойынша қарсы тексерулер жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтарды жоймаған;

бұрын жiберiлген сауал салу бойынша салық органы алған жауаптар негiзiнде мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған;

қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған;

үстеме тексеру жүргізудің мүмкіндігі болмауына байланысты, қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған, оның ішінде:

өнім берушінің орналасқан жері бойынша болмауы;

өнім берушінің есепке алу құжаттарын жоғалтуы себептері бойынша расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.

Бұл ретте, салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негiздемесi көрсетiледi.

10. Қосылған құн салығын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде мынадай:

1) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісіне қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салуларға жауаптар салықтық тексеру аяқталған кезде алынған;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) осы Кодекстің 245-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты салық органының сұрау салуына жауап алынған;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі қарсы тексерулер жүргізуге бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған немесе бұрын жіберілген расталмаған сұрау салулар бойынша мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын салық органы растаған;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы Кодекстің 273-1-бабын қолданған кезде жүргізіледі.

Салықтық тексеру актісіне қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, ол аталған қорытындыны алғаны туралы басқа бір данасына белгі қоюға міндетті.

11. Егер қарсы тексеру жүргізу кезінде өнім беруші таратылуына байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, есебіне жатқызылған қосылған құн салығының сомасын растау өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінің негізінде жүргізіледі.

12. Сұрау салуларға жауаптар тақырыптық тексеру аяқталғаннан кейін келіп түскен жағдайда, салық органы тоқсанның соңғы айының жиырмасынан ерте емес және жиырма бесінен кешіктірмей салықтық тексеру актісіне қорытынды жасайды.

Бұл ретте осы қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырмасы күнгі жағдай бойынша келіп түскен қарсы тексерулер жүргізуге арналған сұрау салуларға берілген жауаптардың нәтижелері бойынша жасалады.

13. Тақырыптық тексеру актісі және тақырыптық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының жалпы сомасы тексерілген кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларациядағы қосылған құн салығынан асып кетуді қайтару туралы талапта көрсетілген сомадан аспауға тиіс.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14. Осы баптың ережелері оған қатысты қайтарудың оңайтылған тәртібі қолданылған салық төлеушіге бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау бойынша тақырыптық тексеру қосылған құн салығының ұсынылған және қайтарылған сомаларының дәйектілігін растау бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізілген, сондай-ақ салық органы қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау мәселесін кешенді тексеруге енгізген жағдайда да қолданылады.

 

635-1-бап - ҚР 2017.25.12. № 121-VI Заңымен 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін бейрезидентке ашылған және салық органында тіркелген шартты банк салымы туралы шарт бойынша 2022 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 635-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

635-1-бап. Бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агенттерін тақырыптық тексеру жүргізу тәртібі

1. Бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агентіне қатысты оның осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі кезеңі ішінде осындай өтініш берген бейрезиденттің табысынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан тақырыптық тексеру жүргізеді.