Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 Қаулысы
(2016.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 289 Қаулысымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 94-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған тізбеде көрсетілген уәкілетті органдар республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты құрылымдық бөлімшелерді анықтасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қоса беріліп отырған тізбеде көрсетілген уәкілетті органдардың салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың республикалық бюджетке түсуінің толықтығын және уақытылығын қамтамасыз етуі жөніндегі бақылауды жүзеге асыру жүктелсін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты және олардың мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 1303 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 1303 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 715 қаулысы.
5. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.20.09. № 1075 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 448 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.06. № 594 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.07. № 402 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.15.11. № 704 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1339 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе)
есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің,
бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды
жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың
тізбесі