Салыққа жатпайтын түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты және олардың
түсуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдардың тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 1303 қаулысы
(2007.20.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексi 58-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Салыққа жатпайтын түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қоса берiлiп отырған тiзбеде көрсетiлген мемлекеттік органдардың салыққа жатпайтын түсiмдердiң мемлекеттік бюджетке түсуiнiң толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды жүзеге асыру жүктелсiн.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 438 (бұр. ред. қара); 2007.20.08. № 715 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1303 қаулысымен бекітілген
Салыққа жатпайтын түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдардың тiзбесi