«Мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және оларға инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2009 жылғы 28 қаңтардағы

№ 27 бұйрығымен бекітілген

 

 

Мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және оларға инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың
үлгі ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы № 83 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді және мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және оларға инклюзивті білім беру кабинеттерінің (бұдан әрі - ТИБК) қызметін ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.

Инклюзивтік білім беру - мектеп жасына дейінгі әр түрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды дамытуды, мектепке дейінгі білім алуға және дамытуға қол жеткізуді көздейтін кіріктірілген білім беру процесі.

2. ТИБК бір жастан алты жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді медициналық-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге арналған арнайы білім беру ұйымының бір түрі болып табылады.

3. ТИБК өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

2. ТИБК-ның қызметін ұйымдастыру тәртібі

 

4. ТИБК-ның білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияны білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар береді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.