Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына,
жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе
олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария
тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 сәуірдегі № 376 қаулысы
(2006.22.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 3 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 (бұр. ред. қара); 2006.30.03. № 215 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тақырыбы өзгертілді
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 (бұр. ред. қара); 2006.30.03. № 215 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының