Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 Қаулысы
(2021.25.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 639 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2021.25.11. № 842 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.