Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 27 қарашада № 319 Бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 12 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2 тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сабақтас құқықтар объектілері мен туындыларын пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықты мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты;