Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 540 Қаулысы
(2013.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009.07.11. № 1782 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.19.05. № 447 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 911 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.15.05. № 485 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова және Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |