«2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы № 23-11қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 сәуірдегі № 23-349қ Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 23-12қ Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы № 23-11қ қаулысына (Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 5 ақпанда № 557 болып тiркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2009 жылғы 17 наурыздағы № 29 нөмірінде, 2009 жылғы 19 наурыздағы № 30 нөмірінде; «Вечерняя Астана» газетінің 2009 жылғы 28 наурыздағы № 37 нөмірінде жарияланған, «2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы № 23-11қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 23-290қ қаулысымен өзгеріс енгізілген Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 13 сәуірде № 567 болып тiркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда қаулымен бекітілген 2009 жылы оқитын жастар мен жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімінде:
№ 3, 4-бағаналар алынып тасталсын;
соңғы жол алынып тасталсын;