«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 777 Қаулысы(күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 777 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 638 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 607-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру ережесінде:

6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азамат құжаты жоғалғандығы туралы ақпаратты мерзімді баспасөз басылымында орналастырғаннан кейін құжаттың телнұсқасын беру туралы шешімді білім беру ұйымының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қабылдайды.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 мамырдағы

№ 777 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 1310 қаулысымен

бекітілген

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары

 

1. Куәлік, аттестат, диплом қорытынды аттестаттаудан өткендігі туралы куәландыратын және академиялық дәрежені тағайындап және (немесе) біліктілікті бере отырып, білім алушының тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін растайтын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.

2. Құжаттардың барлық түрлері:

1) көлемі 224x160 мм қатты мұқабадан (ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін - 320x125 мм);

2) көлемі 210x150 мм қосымша беттен (ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін - 310x110 мм);

3) қосымшадан тұрады.

3. Құжат мұқабасы:

1) үздік құжат үшін - қызыл түстен;

2) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжат үшін - көгілдір түстен;

3) магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша), ғылым кандидаты және докторы дипломдары үшін - күрең қызыл түстен;

4) басқа қалған құжаттар үшін - қою көк түстен дайындалады.

4. Құжаттардың барлық түрлерінің мұқабасында алтын түспен жасалған:

1) жоғары жағында мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы» деген өрнектелген жазу;

2) ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;

3) Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында мемлекеттік тілде өрнектеліп жазылған құжат түрінің атауы орналасады.

5. Құжаттарға қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілері баспаханалық тәсілмен басылады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді есепке алмағанда).

6. Қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілері арнайы қорғаныш (су тамғысы белгілерімен) дәрежелері бар мынадай қағазда басылады:

1) ақшыл-қызғылт түс - үздік белгісі бар құжаттардың қосымша парақтары магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша), ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін, сондай-ақ «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжаттар үшін.

2) ақшыл-көк түс - барлық қалған құжаттардың түрлері үшін қосымша парақтар мен қосымшалар.

7. Қосымша парақтың бетжағында:

1) жоғары жағында - «Қазақстан Республикасы» деген сөздер;

2) ортасында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;

3) Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында - құжат түрінің мемлекеттік тілдегі атауы орналасады.

8. Құжаттың қосымша парағының ішкі екі жағында ортада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі басылады.

9. Құжаттың қосымша парағының сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында - орыс тіліндегі бірдей мазмұны көрсетіледі.

Жоғары білім туралы, магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша), ғылым кандидаты және докторы дипломдарының, доцент және профессор аттестаттарының қосымша парақтарының сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында орыс және ағылшын тілдерінде бірдей мазмұны көрсетіледі.

10. Үздік белгісі бар құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен қызыл түспен «Үздік» және «С отличием» деген сөздер жазылады, жоғары білім туралы дипломдар үшін «Үздік» деген сөз қосымша парақтардың бет жағына жазылады.

11. «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдарға берілетін құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен, қола түспен «Алтын белгі» деген сөздер жазылады.

12. Құжаттардың барлық түрлерінің қосымша парақтарының сериясы мен жеті саннан тұратын нөмірі болады.

13. Құжаттардың қосымша парақтарының бланкілері оларға жазылатын жазулар каллиграфиялық жазумен немесе басу құрылғыларының көмегімен жазылатындай етіп жасалуы тиіс.

 

кестенің жалғасы

 

кестенің жалғасы

 

кестенің жалғасы

 

кестенің жалғасы

 

кестенің жалғасы

 

кестенің жалғасы

 

кестенің жалғасы

 

кестенің жалғасы

 

кестенің жалғасы

 

кестенің жалғасы

 

Приложение к диплому

о техническом и профессиональном образовании

(без диплома ТКБ №______недействительно)

 

___________________________________________________________________________________________________________________

(фамилия, имя, отчество)

за время обучения с____________________________________года по____________________год в________________________________

________________________________________________________________________________________________________по профессии,

(полное наименование организации образования)

специальности ______________________________________________________________________________________________________

(наименование профессии, специальности)

показал__________________ соответствующие знания по следующим дисциплинам:

 

 

Заместитель директора

по учебной работе   ______________ _______________

Руководитель группы ______________ _______________

 

М.П.

 

Техникалық және кәсіптік білім туралы

дипломға қосымша

(ТКБ №______дипломсыз жарамсыз)

 

_______________________________________________________________________________________________________________________

(тeгі, аты, акесінің аты)

_______________________жылдан бастап___________________________________________жылға дейін

                                                (білім беру ұйымынын толық атауы)

________________________________________________________________________________кәсібі, мамандығы бойынша оқу барысында

(кәсіптін, мамандықтың толық атауы)

 

мынадай пәндерден тиісті білімін көрсетті:

 

 

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары______________ _______________

Топ жетекшісі______________ _______________

 

М.О.

 

кестенің жалғасы

 

кестенің жалғасы